«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қоры

Бізді - әділетті әрі бақуатты қоғам құруға деген ортақ мақсат біріктіреді. Әділетті қоғамда ғана әр азамат адал еңбегімен табыс тауып, ұрпақ өсіріп, болашаққа алаңсыз қарауына тең мүмкіндік алады.
Біз, Қазақстанның барлық өңірінің белсенділері бірігіп, «Әділдік және өркендеу» қоғамдық Қорын құрдық


Қордың мақсаты - президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған әділетті Қазақстанды құру жолындағы реформаларға өз үлесін қосуға ынталы, белсенді азаматтық ұстанымы бар қазақстандықтарды біріктіру. Президенттің бастамасымен жүзеге асып жатқан «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы – ел дамуының кепілі. Бұл ретте қор белсенділері халық пен билік арасын жақындастыра отырып, әрбір азаматтың үнін жеткізуге тырысады.

Болып жатқан жағдайларға немқұрайлы қарамайтын азаматтар – ел дамуының құнды ресурсы. Біздің қордың миссиясы – күнделікті жағдайды назарда ұстай отыра, халықтың пікіріне ден қою, билікке өзекті мәселелерді жеткізу әрі оның шешімін ұсыну.

Идея неден туындады?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әділетті Қазақстанды құруға бағытталған саяси реформалары қазақстандықтардың басым көпшілігінің қолдауына ие болды. Азаматтар бұл реформалардың әділдік, ұлттық байлықтың тең бөлінуі, білім мен медицинаның жаңа сапасы, еңбек адамының құқығын қорғау секілді қағидаттарын қолдайды. Алайда, орталықта айтылған реформалар діттеген жеріне жете бермейді. Азаматтар әлі де аз жалақы алып, қомақты салық төлеп жүр, мегаполистерде, шалғай ауылдар да бай мен кедей арасындағы алшақтық ушығып барады. Бұл әділетсіздік және біз жағдайды өзгерткіміз келеді.
Біз кімбіз?
Қоғамдық Қор елдің барлық өңірінен жиналған белсенді азаматтардың бастамасымен құрылды. Біздің арамызда - өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмыскерлері, фермерлер, кеншілер, құтқарушылар, дәрігерлер, мұғалімдер мен журналистер, түрлі ҮЕҰ өкілдері бар. Біз өз күшімізді, жинаған тәжірибеміз бен мүмкіндіктерімізді әрбір отандасымыздың Әділетті Қазақстанды шынайы сезінуіне жұмсағымыз келеді.
Біз қалай жұмыс істейміз?
Күн сайын барлық деңгейдегі билік органдарына азаматтардан сан сауал мен өтініштер келіп түседі. Бір азамат жұмыста әділетсіздікке тап болса, енді бірі тұрғын-үй коммуналдық тарифтерінің қымбаттағанына наразы. Кей азаматтар шахтадағы қауіпсіздік ережелерінің бұзылуына, енді бірі жастар арасындағы нашақорлыққа алаңдайды. Бір өңір таза ауыз су проблемасын тартып отыр, енді бір аймақта түзу жол жоқ. Мұндай өтініштердің ағыны – ел дамуының құнды ресурсы. Демек, біздің азаматтар немқұрайлы емес, мәселені ашық айта отырып шешімін ұсынады. Әркімнің үні естілуі керек.

Осы уақытқа дейін «халық үніне құлақ асатын мемлекет» жүйесі «жоғарыдан» құрылды. Ал, біздің идеямыздың өзегі - еститін мемлекетті халықтың өз арасынан бастау. Қоғамдық күштер бірігіп, белсенділік танытқанда проблемалар тез әрі тиімді шешіледі. Сөз, әлеуметтік демократия жөнінде болып отыр. Яғни, әлеуметтік мәселелердің шешімін мемлекеттік орган мен азаматтық қоғам бірлесіп тапса керек. Біз үшін өзекті мәселелерді шешуде билікпен конструктивті диалог аса маңызды.
Не үшін күресеміз?
Әділеттілік – нақты ұғым. Біз үшін әділдік – еңбек адамының қоғамдағы лайықты орны. Жұмыскер мен қызметшінің, дәрігер мен мұғалімнің, фермерлердің құқығын қорғау, қоғамдық бақылау жүйесі арқылы әлеуметтік игіліктер алуға тең мүмкіндік жасау, еңбек адамы мен жұмыс берушінің арасында диалог орнату. Міне, біздің міндетіміз осы. Байлар салықты молырақ төлеуі керек, жемқорлықпен, заңсыз жолмен дүние жинауға жол жоқ, әлеуметтік игіліктерге қол жеткізу адамның қоғамдық мәртебесіне немесе тұрғылықты аймағына байланысты болмауы керек.

Қордың жаңалықтары
    «Әділдік және өркендеу» Қоғамдық қорының Манифесті - ұйымның негізгі құжаттарының бірі. Оның мәтіні барлық белсенділермен бірігіп әзірленді. Қазақстанның болашағына бей-жай қарамайтын азаматтарды Қордың жұмысына қатысып, құжатқа қол қоюға шақырамыз».

    «Әділдік және Өркендеу» ҚҚ
    Қазақстанның барлық белсенді азаматтарын Манифестке қосылуға шақырамыз.

    «Әділдік және өркендеу» Қоғамдық қорының

    Қазақстанның мына облыстарында өкілдіктері бар:

    Байланыс
    Мекенжай: Астана қаласы, Достық даңғылы 18, Мәскеу БО,
    12.38 кеңсе

    Байланыс:
    adildik.org.kz@gmail.com

    +7 701 986 99 66


    Қоғамдық қабылдаулар:

    +7 771 044 09 09, Астана


    +7 707 323 74 70, Алматы

    Әйтеке би көшесі, 27


    +7 707 516 90 68, Ақтөбе облысы

    Ливенцов көшесі, 4, 6 кеңсе


    +7 701 318 99 16, Түркістан облысы

    "Жаңа қала" ш/a, 36-көше, 32, 1-қабат

    +7 777 919 28 82

    +7 747 587 03 58, Шымкент

    Қызыл жар ш\а, Эрмат ата көшесі, 717, 1-қабат


    +7 702 123 76 77, Маңғыстау облысы

    2 ш/а, 47а ғимарат, 3-қабат, 313 кеңсе

    © 2024 «Әділдік және Өркендеу» ҚҚ
    Байланыс
    Мәзір
    Біздің әлеуметтік желілер