«Әділдік және Өркендеу» қоғамдық қоры

Бізді - әділетті әрі бақуатты қоғам құруға деген ортақ мақсат біріктіреді. Әділетті қоғамда әр азамат адал еңбегімен табыс тауып, ұрпақ өсіріп, болашаққа алаңсыз қарауына тең мүмкіндік алады.
Біз, Қазақстанның барлық өңірінен жиналған белсенділер бірігіп, «Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық Қорын құрдық.


Біздің Қордың мақсаты - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған Әділетті Қазақстанды құру жолындағы реформаларға өз үлесін қосуға ынталы, белсенді азаматтық ұстанымы бар адамдардың басын біріктіру. Біз, Президенттің бастамасымен жүзеге асып жатқан «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы Қазақстанның табысты дамуының кепілі екеніне сенеміз. Біздің міндетіміз – халық пен билік арасын жақындастыра отырып, ел азаматтарының әрбірінің үнін жеткізу.

Болып жатқан жағдайларға немқұрайлы қарамайтын, белсенді ұстанымдағы азаматтар – ел дамуының құнды ресурсы. Біздің Қоғамдық қордың миссиясы – күнделікті жағдайды назарда ұстай отыра, халықтың пікіріне ден қою, билікке өзекті мәселелерді жеткізу әрі оның шешімін ұсыну. Бұл қазақстандықтарға қордаланған проблемалар туралы ашып, ашық айтуға, ал мемлекетке жергілікті жердегі шынайы көріністі түсінуге мүмкіндік береді.

Идея неден туындады?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әділетті Қазақстанды құруға бағытталған саяси реформалары қазақстандықтардың басым көпшілігінің қолдауына ие болды. Азаматтар бұл реформалардың әділдік, ұлттық байлықтың тең бөлінуі, білім мен медицинаның жаңа сапасы, еңбек адамының құқығын қорғау секілді қағидаттарын қолдайды. Алайда, орталықта айтылған реформалар діттеген жеріне жете бермейді. Азаматтар әлі де аз жалақы алып, қомақты салық төлеп жүр, мегаполистерде, шалғай ауылдар да бай мен кедей арасындағы алшақтық ушығып барады. Бұл әділетсіздік және біз жағдайды өзгерткіміз келеді.
Біз кімбіз?
Біз қалай жұмыс істейміз?
Қоғамдық Қор елдің барлық өңірінен жиналған белсенді азаматтардың бастамасымен құрылды. Біздің арамызда - өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмыскерлері, фермерлер, кеншілер, құтқарушылар, дәрігерлер, мұғалімдер мен журналистер, түрлі ҮЕҰ өкілдері бар. Біз өз күшімізді, жинаған тәжірибеміз бен мүмкіндіктерімізді әрбір отандасымыздың Әділетті Қазақстанды шынайы сезінуіне жұмсағымыз келеді.
Күн сайын барлық деңгейдегі билік органдарына азаматтардан сан сауал мен өтініштер келіп түседі. Бір азамат жұмыста әділетсіздікке тап болса, енді бірі тұрғын-үй коммуналдық тарифтерінің қымбаттағанына наразы. Кей азаматтар шахтадағы қауіпсіздік ережелерінің бұзылуына, енді бірі жастар арасындағы нашақорлыққа алаңдайды. Бір өңір таза ауыз су проблемасын тартып отыр, енді бір аймақта түзу жол жоқ. Мұндай өтініштердің ағыны – ел дамуының құнды ресурсы. Демек, біздің азаматтар немқұрайлы емес, мәселені ашық айта отырып шешімін ұсынады. Әркімнің үні естілуі керек.

Осы уақытқа дейін «халық үніне құлақ асатын мемлекет» жүйесі «жоғарыдан» құрылды. Ал, біздің идеямыздың өзегі - еститін мемлекетті халықтың өз арасынан бастау. Қоғамдық күштер бірігіп, белсенділік танытқанда проблемалар тез әрі тиімді шешіледі. Сөз, әлеуметтік демократия жөнінде болып отыр. Яғни, әлеуметтік мәселелердің шешімін мемлекеттік орган мен азаматтық қоғам бірлесіп тапса керек. Біз үшін өзекті мәселелерді шешуде билікпен конструктивті диалог аса маңызды.
Не үшін күресеміз?
Әділеттілік – нақты ұғым. Біз үшін әділдік – еңбек адамының қоғамдағы лайықты орны. Жұмыскер мен қызметшінің, дәрігер мен мұғалімнің, фермерлердің құқығын қорғау, қоғамдық бақылау жүйесі арқылы әлеуметтік игіліктер алуға тең мүмкіндік жасау, еңбек адамы мен жұмыс берушінің арасында диалог орнату. Міне, біздің міндетіміз осы. Байлар салықты молырақ төлеуі керек, жемқорлықпен, заңсыз жолмен дүние жинауға жол жоқ, әлеуметтік игіліктерге қол жеткізу адамның қоғамдық мәртебесіне немесе тұрғылықты аймағына байланысты болмауы керек.

Қордың жаңалықтары
    «Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қорының Манифесті - ұйымның негізгі құжаттарының бірі. Оның мәтіні барлық белсенділермен бірігіп әзірленді. Қазақстанның болашағына бей-жай қарамайтын азаматтарды Қордың жұмысына қатысып, құжатқа қол қоюға шақырамыз».

    «Әділдік және Өркендеу» ҚҚ
    Қазақстанның барлық белсенді азаматтарын Манифестке қосылуға шақырамыз.

    «Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қорының

    Қазақстанның мына облыстарында өкілдіктері бар:

    Байланыс
    Мекен жайымыз: Астана қаласы, Достық даңғылы 18, Мәскеу БО,
    12.38 кеңсе

    Байланыс:
    adildik.org.kz@gmail.com

    +7 775 293 97 83


    Қордың қоғамдық қабылдауларының байланыстары:

    +7 775 293 97 83, Астана


    +7 707 323 74 70, Алматы

    Әйтеке би көшесі, 27


    +7 707 516 90 68, Ақтөбе облысы

    Ливенцов көшесі, 4, 6 кеңсе


    +7 702 951 28 28, Түркістан облысы

    Тәуке хан даңғылы 371, 218 кабинет

    +7 747 849 26 47, Шымкент

    Бейбітшілік көшесі 3А, 4 қабат, 409 кабинет

    © 2024 «Әділдік және Өркендеу» ҚҚ
    Байланыс
    Қоғамдық қабылдау:
    +7 775 293 97 83, Астана
    +7 707 323 74 70, Алматы
    +7 707 516 90 68, Ақтөбе облысы
    +7 702 951 28 28, Түркістан облысы
    +7 747 849 26 47, Шымкент
    Мәзір
    Біздің әлеуметтік желілер