Қарағандылық Ермек Нүсіпбеков 40 жыл кенші болған. Костенко атындағы шахтаның бұрынғы жұмысшысы кеншілердің зейнетке шығу жасын 50-ге дейін төмендетуді көздейтін петицияны қолдап отыр.
Кенші мамандығы құрметке ие. Алайда ауыр әрі қауіпті. Мыңдаған жұмысшының денсаулығы сыр берді, кейбірі тіпті ажал құшты. Бұл қызметтің қиындығын Ермек Нүсіпбеков жақсы біледі. Ол қазір 65 жаста. «Әділдік және Өркендеу» қорының жақтасы бейнетінің зейнетін көріп жүргеніне 2 жыл болды. Бірақ бұл күнге жете алмай жүрген әріптестері баршылық. Ауыр жұмыстан кейін кеншілер көптеген созылмалы сырқатқа шалдығады.
«Кеншілердің жаңа буынының денсаулығын сақтау – дәл қазір шешуді талап ететін басты міндеттердің бірі», – дейді тәжірибелі кенші.
Ардагер еңбектеніп үйреніп қалған. Сондықтан қазір зейнетке шықса да, күзетші болып істейді. Гүл өсіре бастапты. Қараңғы шахтада ашық жарқын түстер жетпеуші еді, дейді ол.
«Әділдік және Өркендеу» қоғамдық қоры көміршілердің петициясын қолдап, барша азаматты осы құжатқа қол қоюға шақырады. Петиция кеншілердің лайықты әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді.