Новости КАЗ

«Әділдік және Өркендеу» ҚҚ Шымкенттегі белсенділері колледж студенттерімен кездесті

«Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қорының Шымкент шаһарындағы белсенділері Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінің оқытушылары және белсенді студенттерімен кездесті. Жиында ұйымның өңірдегі өкілі Эльенора Ағабекқызы Қоғамдық қордың негізгі құжаты болып табылатын Манифест-үндеудің мән-жайына тоқталды. Жиналғандар құжатта көрсетілген 6 қағиданы кеңінен талқылады.

«Біздің Қоғамдық қордың миссиясы – күнделікті жағдайды назарда ұстай отыра, халықтың пікіріне ден қою арқылы билікке өзекті мәселелерді жеткізу әрі оның шешімін ұсыну. Бұл қазақстандықтарға қордаланған проблемаларды ашып, ол жайлы ашық айтуға, ал мемлекетке жергілікті жердегі шынайы көріністі түсінуге мүмкіндік береді», - деді Эльенора Ағабекқызы.

Белсенділер өзекті мәселелерді шешуде билікпен конструктивті диалог орнату аса маңызды екенін атап өтті.

«Осы уақытқа дейін «халық үніне құлақ асатын мемлекет» жүйесі «жоғарыдан» құрылды. Ал, біздің идеямыздың өзегі - еститін мемлекетті халықтың өз арасынан бастау. Қоғамдық күштер бірігіп, белсенділік танытқанда проблемалар тез әрі тиімді шешіледі. Сондықтан билікпен кері байланыс орнатқан абзал»,-деді Қор өкілдері.

Жиын соңында белсенділер кездесуге келген азаматтарды қоғамда болып жатқан жағдайларға бей-жай қарамай, Қор жақтастары қатарына қосылып, мемлекетіміздің дамып, өркениетті ел болуына үлес қосуға шақырды.

«Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қорының негізгі мақсаты әрбір қазақстандықтың мүддесіне сай келетін әділ қоғам құруға бағытталған. Ел өңірлеріндегі Қор өкілдері азаматтардың өзекті мәселелерін анықтап, оларды шешу жолдарын бірлесіп әзірлеу үшін еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізеді. Қордың құндылықтарын қолдайтын кез келген адам Манифест-үндеуге онлайн қол қою арқылы оның жақтастарының қатарына қосылуына мүмкіндік бар.