Түркістан облысында небәрі жарты жылда өндірісте 7 адам қайтыс болды
Биыл 6 ай ішінде бұл өңірде өндірісте 23 жазатайым оқиға болып, 27 жұмысшы зардап шеккен. Олардың жетеуі алған жарақаты салдарынан көз жұмды. Қайғылы оқиғаның көбі құрылыс алаңдарында болыпты.
Жұмысқа орналасқан кезде басты талап ететін нәрсе – еңбек шарты. Ең шарты болмаса, құрылыс алаңындағы жазатайым оқиғаны дәлелдеу қиын болады. Жыл басынан бері құрылыс нысандарында 4 рет түсіндіру жұмысын жүргіздік, – деді облыстық бақылау жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Берік Ибадуллаев.
Жарты жыл ішінде бақылау жөніндегі басқармаға азаматтардан 683 арыз-шағым түскен. Мекемелер мен кәсіпорындарда 134 тексеріс жүргізіліп, 242 заңбұзушылық анықталған.
Мәселен, төрт бірдей кәсіпорынның 360 қызметкері алты ай бойы бір тиын жалақы алмаған. Жұмыс беруші қызметкерлерге 102 миллион теңге қарыз.
Облыстық бақылау басқармасының араласуымен оның шамамен 85 миллион теңгесі өндіріліп, 280 қызметкерге берілген.
Тиісті материалдар сот орындаушыларға жолданып, берешекті қайтару жұмысы жалғасып жатыр.