«Әділдік және өркендеу» Қоғамдық қоры құрылған бетте, ұйымның Ақмола өңіріндегі өкілдері халықпен он шақты кездесу өткізіп үлгерді. Белсенділер жергілікті білім беру және медицина мекемелері, кітапханалар, автобус парктерінің ұжымдарын жинап, Қордың мақсат-міндеттері туралы баяндады. Сондай-ақ олар жұртшылықты Қор жариялаған Манифест-Үндеудің басты бағыттарымен таныстырды. Бұл құжат қамтыған қағидаттар халықтың көңілінен шығып, қолдау тауып отыр. Сонымен қатар белсенділер ұжым қызметкерлері арасында әлеуметтік мониторинг жүргізеді. Қатысушылардың көбі сауалнама сұрақтарына мұқият жауап беріп, өз пікірін білдіруді жөн көреді.
Алдағы уақытта Қор өкілдері өңірде орналасқан зауыттардың ұжымдарымен бас қосып, насихат жұмыстарын жалғастырмақ. «Әділдік және Өркендеу» ҚҚ Ақмола облысындағы өкілдігінің жетекшісі Бақыт Смағұлдың айтуынша, алдағы уақытта жас буынмен кездесуге де басымдық беріледі. Білім беру ошақтарының студенттерін жинап, оларды Қордың қызметі жайында толық ақпараттандыру жоспарда бар.
«Ақмола облысының тұрғындары біз ұйымдастырып жатқан жиындарға белсенді қатысып жатыр. Әлі бірде-бір мекеме «Әділдік және өркендеу» ҚҚ өкілдерімен кездесуден бас тартқан жоқ. Себебі, өңір тұрғындары Қоғамдық қордың жұмысына үлкен сенім артып отыр. Біз халықтың көкейіндегі өзекті проблемаларды көтереміз. Әсіресе, еңбек қауіпсіздігі мен медициналық сақтандыру жүйесіндегі олқылықтарға баса назар аударамыз. Барлық кездесу 2 тілде жүргізіледі. Соңында біз әрбір азаматқа сұрақ қоюға мүмкіндік беріп, оған толыққанды жауап беруге тырысамыз»,- деді Бақыт Смағұл.
Енді Ақмола облысының белсенділері өңірде қоғамдық қабылдау ашуды көздеп отыр. Оған қатысты дайындық та басталып кетті. Қабылдауларға өңірдегі білікті заңгерлерді шақыру көзделген. Олар тұрғындардың түрлі бағыттағы сұрақтарына жауап беретін болады.
Естеріңізге салайық, «Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қоры еліміздің бірнеше өңірінде қоғамдық қабылдаулар ашты.
Қордың қоғамдық қабылдауларының мекенжайлары:
Астана – Сығанак көшесі, 54/2, «Номад» Бизнес орталығы, 2/1 кеңсе
Ақтау - 23 ш/а, № 100 ғимарат, 203 кабинет
Ақтөбе –Ливенцов көшесі, 4, 6 кеңсе
Алматы – Әйтеке би көшесі, 27
Шымкент – Бейбітшілік көшесі 3А, 4 қабат, 409 кабинет
Түркістан – Тәуке хан даңғылы, 371, 218 кабинет