Новости КАЗ

Қарағандылық дәрігерлер: «Кеншілерді аман алып қалу үшін күресіп жатырмыз»

Қарағандылық дәрігерлер: «Кеншілерді аман алып қалу үшін күресіп жатырмыз»

Қарағандыдағы Х.Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың дәрігерлері «YDD Corporation» ферроқорытпа зауыты металлургтерінің жағдайы туралы айтты.

Пештен жалын шығып, 8 адам зардап шеккен болатын. Олардың төртеуі көз жұмды, тағы төрт адам ауруханаға түсті.

Пациенттердің денесінің 10-нан 100%-ына дейін күйік шалған. Дәрігерлер жұмысшыларды аман алып қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр.

Екі адам қазір палатада жүре алады, туыстарын көруіне рұқсат етілді.

«Әділдік және Өркендеу» қоғамдық қоры қайтыс болғандардың отбасының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.
2024-07-26 09:00