Қордың Батыс Қазақстандағы жақтасы Қайрат Кәрімов бірегей алма бақтарын жандандырып жатыр
«Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қоры бүкіл Қазақстан бойынша кәсіптің түр-түрімен айналысатын адамдарды біріктіреді. Негізінен, белсенділер қатарында ел тарихында өз ізін қалдырғысы келетін, қоғамға пайда әкелуге тырысатын, өз ісіне бей-жай қарамайтын кәсіпқойлар көп. Осындай азаматтардың бірі - ұйымның Батыс Қазақстандағы жақтасы Қайрат Кәрімов. Он жыл бұрын ол аймақта С. Исаев атындағы Халықаралық эксперименталды коллекциялық бау-бақша егіп, кейін «Менің аулам – менің бақшам» халықтық қозғалысын бастады.
Бүгінде Оралдағы бақ Қазақстанның ең көрікті жерлерінің бірі болып саналады. Қайрат Кәрімов алма бақтарын жандандырумен он жыл бойы айналысады. Қазірдің өзінде бақшада 200-ден астам алма мен 200-ден астам жүзім сұрпы бар, олардың басым бөлігі - әлемде теңдесі жоқ өсімдіктер. Белсенді селекциялық жұмыстың нәтижесінде күрт континенталды ауа райына төзімді өнеркәсіптік бақта өсіруге болатын алма түрлерін шығарды.
«Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қоры ел дамуына үлес қосуға дайын белсенді азаматтық ұстанымы бар адамдарды біріктіреді. Біздің көзқарастарымыз тұспа-тұс келеді, сондықтан біз бұл қоғамдық бастаманы бірден қолдадық. Теңдесі жоқ бау - бақшаны жандандыру үшін біраз жұмыс атқардық. Климаттық жағдайы ауыр аймақтар үшін ең төзімді алма генофонды сұрапталды. Мұндай генофондтың кез келген мемлекет үшін стратегиялық маңызы бар», - деді Қайрат Кәрімов.
Биыл көктемгі су тасқыны салдарынан Орал бағы су астында қалды. Тілсіз жау осы жерге жеткендіктен, селекция мен ғылыми жұмыс нәтижесінде гүлденген бақ су астында қалды.
«Біздің бақта екі ай бойы су тұрды. Өкінішке қарай, өсімдіктер мұндайға шыдай алмады. Салдарынан ағаштардың 80%-ы жарамсыз болып қалды. Енді шыдамдылық танытып, жұмысты басынан бастау керек. Ең алдымен, мүмкіндігінше, бақшаны қалпына келтіріп, ағаштарды болашақта су жетпейтіндей етіп, басқа жерге көшіру қажет. Алма генофондын сақтау үшін біз белгілі ғылыми-зерттеу институттары, профессорлар және академиктермен байланыс орнатып, жұмыс жүргіземіз. Ең бастысы, жұмысқа білек сыбана кірісіп, рухымызды түсірмей, алға ұмтылу қажет. Әрине, кейде көңіл түсіп кететін мезеттер болып тұрады, бірақ өмірдің жалғасып жатқанын естен шығармаған абзал. Мемлекет құнды генетикалық қоры мен орасан зор ғылыми базасы бар әрі жеміс - жидек дақылдары жинақталған бірегей бау-бақшаның ахуалына назар аударса ғой», - дейді селекционер.
Батыс Қазақстан тұрғындары Қайрат Кәрімовқа қол ұшын созғанымен, алда әлі талай жұмыс бар. «Әділдік және Өркендеу» Қоры белсендіге Орал маңындағы бақтарды жандандыруға көмектесу үшін жергілікті қоғамдық бірлестіктерге күштерін біріктіруді ұсынды.
Қордың қызметі қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартып, азаматтарға қоғамдық маңызы бар мәселелерді шешуге көмектесіп, қолдау көрсетуге бағытталған. Ұйымның adildik.org.kz.сайтындағы Манифестке қол қою арқылы Қор жақтастарының қатарына қосылуға болады.