«Әділдік және Өркендеу» қоғамдық қорының елдің 9 аймағынан келген белсенділері Астанада жиналып, Орталық, Солтүстік және Шығыс аймақтарының тұрғындарын алаңдататын әлеуметтік мәселелерді талқылады.
Кездесуге Қордың Әділетті Қазақстанды құру қағидаттарын қолдайтын белсенділері мен жақтастары қатысты. Айта өту керек, Қор қызметінің негізгі бағыты – еңбек адамының құқығын қорғау, отандық кәсіпорындардағы еңбек қауіпсіздігін арттыру. Бұл мәселенің өзектілігі артып тұр. Ресми статистика биылғы жылдың алғашқы төрт айында қазақстандық кәсіпорындарда 496 жұмысшы жарақаттанып, 59 адам қаза тапқанын хабарлайды. Бұл өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 31,1% артық.

«Еңбегі адал азаматтың құқығы мен мүддесін қорғау, жұмысшы мен жұмыс беруші арасында конструктивті диалог орнату, осы ретте мемлекеттік органдармен серіктес, ал салалық ҮЕҰ-мен, кәсіподақтармен келелі келіссөз жүргізу. Біздің қордың іргелі міндеттері осы. Біз өз қатарымызға елдің болашағына, өз өңірінің өміріне бей-жай қарамайтын белсенді азаматтарды тарта отырып, түйткілі көп әлеуметтік мәселелерді шешуге тырысамыз. Қазір бізді қолдайтын жақтастардың саны ел бойынша 3 000 асты», -деді кездесуде «Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қорының директоры Дана Рысмұхамедова.
Отандық кәсіпорындардағы жағдайды өзгерту үшін қоғам белсенділері аймақтарда жұмысқа кірісіп те кетті. Бұл ретте қоғамдық бақылау мен әлеуметтік мониторинг қор белсенділерінің басты құралына айналды.
«Біз өз қызметімізде «Қоғамдық бақылау туралы» заңның барлық мүмкіндіктерін пайдаланамыз. Бұл бізге өзекті проблемаларды анықтауға, оны шешуге, мемлекеттік басқаруға қатысып, атқарушы билік пен жұмыс берушілердің іс-әрекетінің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті Қор директоры.

«Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қоры қазақстандықтар арасында ауқымды сауалнама жүргізіп, әр аймақ тұрғындарын алаңдатқан мәселелерді анықтаған. Сауалнама нәтижесі Қордың іс-әрекеттер жоспарына негіз болды. Еңбек құқығын қорғаудан бөлек, қазақстандықтар жер-жерде өмір сапасын арттыруды, кедейлікпен күресуді, билік органдарының әрекетіне бақылау орнатуды қалайды.
Астанада өткен кездесу барысында Қордың өңірлік өкілдіктері өз жұмыстарының нәтижесімен бөлісіп, қоғамдық ұйымның қызметін ұйымдастыру, дамыту тұрғысындағы өз пікірлерімен де бөлісті.
Мысалы, Қордың Абай облысындағы өкілдігінің жетекшісі Қуаныш Молдақашевтың ойынша, Қор жұмысында жастардың әлеуетін пайдалану қажет.
«Еліміздің негізгі қозғаушы күші жастар қауымы, жастар экономиканың да қоғамдық пікірдің де негізгі трендтерін қалыптастырушылар. Осы себептен де Абай облысындағы қордың жұмысын бастапқы кезеңде жастарды тартудан бастадық. Жастардың тың идеялары қордың мақсаттарына жетуге жәрдемдеседі деп сенеміз. Семей қаласы студенттер қаласы. Қаламызда 80 мыңнан астам жас болса, оның 10 мыңға жуығы ЖОО-да, ал 20 мыңнан астам жас колледждерде білім алуда. Біз жастар еліміздің өркендеуі мен әділетті қоғам қалыптасуына кішігірім болсын үлес қосу мүмкіндігі болса пайдалануға әзірміз», - дейді ол.

Ал, Қордың Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілдігінің жетекшісі Жанат Мұхамеджановтың мәлімдеуінше, өңірдегі Қор өкілдігі облыстық еңбек инспекциясымен, облыстық кәсіподақпен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қаймақ. Қазір келіссөздер жүріп жатыр.
«Біз еңбек адамына лайықты құрмет көрсетуді, жұмыскердің қабілеті мен ортақ іске қосқан үлесіне сай еңбекақы төлеуді, жұмысқа қолайлы жағдай жасауды, жұмыс орынында қауіпсіздікке кепілдік беруді қолдаймыз. Еңбек адамы – ел өркендеуінің негізі және олардың құқығы қатаң қорғалуы қажет. Жасыратын жоқ, облысымызда ауылшаруашылық және құрылыс саласында маусымдық жұмыс істейтін еңбек адамдарының келісімшарттары жоқ. Осының салдырынан біздің облыста 103 мың адам медициналық сақтандырудан шет қалып отыр», -дейді Қордың СҚО өкілі.
Сондай-ақ, Қор өкілі жиында теріскейдегі халықты алаңдатып отырған тағы бір өзекті мәселені ортаға салды. Ол – табиғи ресурстардың, нақтыласақ жердің латифундистерден қайтару қарқыны.
«Өңіріміздегі күрделі мәселенің бірі, бұл егістік пен жайылым жердегі пай мәселесі. Ауылда тұратын халықтың жер пайы олигархтардың қолында немесе банкке кепілдікке беріліп, артынан сатылып кеткен. Өкініштісі сол, жер иелері біздің облыстың тұрғындары да емес. Бұдан туындайтын мәселе ауыл халқының негізгі күн көрісі жайылым мен егістік жері болмаған соң ауылдың тоз-тозы шықты, солтүстікте бүгінгі күні 80 ауылдың болашағы жоқ деп танылған», - дейді Жанат Мұхамеджанов.

Қордың «әлеуметтік әділдік» идеясын қолдап, қатарға қосылған Қостанай облысынан келген жас кәсіпкер – Бауыржан Жақсылықов та өз ойымен бөлісті.
«Мен Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Жуковка ауылынан келіп отырмын. Мен ол ауылда кәсіпкерлікпен айналысамын. Басты мақсатым осы қорға келудегі, қордың негізі өзі аты да айтып тұр, Әділдік және Өркендеу, қай қазақстандық болмасын, өркендеудің әділ жүйесін қалыптастыруды жақсы көреді. Бәріміз әділ болғанды жақсы көреміз. Сондықтан менің де басты мақсатым сондай жүйені қалыптастыруға өзімнің кішкене болсын септігімді тигізу»,- дейді ол.

«Қазақстанда өндірісте жарақаттануды азайту мақсатында еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғауды қамтамасыз етуге жауапты қызметкерлерді даярлауға қойылатын талаптар күшейтілді, деп ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осыдан екі жыл бұрын мәлімдеген. Сол уақыттан бері өндірістегі жазатайым оқиға мен жарақаттары азайды ма? «ҚазЦинк және Қарметтегі» проблемалар, «Қазақмыс» пен «Майқайың алтындағы» оқиғалар отандық кәсіпорындардағы еңбек қауіпсіздігін күшейту керектігін көрсетіп отыр, сол себепте әлеуметтік бақылауды күшейту керек. Біз, яғни қордың Ұлытау облысындағы белсенділері Төтенше жағдай министрлігіне қарасты Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментімен бірлесе кәсіпорындарға кіріп, ондағы еңбек қауіпсіздігінің сақталуын қадағалауды жоспарлап отырмыз», деді Қордың Ұлытау облысы бойынша өкілдігінің жетекшісі, кенші Шәмші Хамзе.
Кездесуді қорытындылай келе, Қор директоры Дана Рысмұхамедова әр өңірден өз жерлестерінің мәселесін ала келіп, оның шешімін ұсынған белсенді азаматтарға алғысын айтты.
«Сіздердің әрқайсыларыңыз жай ғана қатысушы емес, Қордың аймақтағы қоғамдық жұмысын жүйелі түрде жүргізетін белсенді азаматсыздар. Біз бәрін өзіміз ойлағандай, жоспарлағандай жасай алмауымыз мүмкін. Бірақ бірте-бірте біз басқалардың инерциясын, өз қорқынышымызды жеңеміз. Ең бастысы, бізді қолдайтын азаматтардың саны көбейіп келеді», - деді ол.
Кездесу соңында оның қатысушылары Қор басшылығымен бірлесіп Қазақстанның Орталық, Солтүстік, Шығыс өңірлері үшін ортамерзімді перспективаға арналған іс-қимыл жоспарын белгіледі.
Айта өту керек, 2024 жылдың 19 маусымында «Әділдік және Өркендеу» қорының өңірлік өкілдіктерінің осындай кездесуі Шымкентке өткен болатын. Оның жұмысына Қазақстанның жеті оңтүстік өңірінін белсенділер қатысты.