«Әділдік және өркендеу» қорына Мәди есімді астаналық өндірістік альпинист хабарласты. Оның жұмысы ерекше еңбек жағдайы мен сақтандыруды талап ететін қауіпті мамандықтар қатарында.
Мәди мердігермен шарт жасасқан. Сондықтан ақша үшін алаңдамаған. Ғимарат қасбетін жөндеген соң, атқарылған жұмыс актісін беріп, төлемді күткен. Алайда тапсырыс беруші ақшадан қысылып жүрмін деген сылтаумен төлем жасауға асықпады.
Шартқа сәйкес, актіге қол қойылған соң 5 күн ішінде төлем жасалуға тиіс болған. Бес күн түгілі бір ай өтсе де тапсырыс беруші төлем жасамаған. Мәди «төлейтін кредиттерім бар, ақшамды қалай алсам болады» деп Қор көмегіне жүгінді.
«Әділдік және өркендеу» қорының заңгері Самира Тайтенова сотқа дейінгі талап арыз жазуға көмектесті.
«Мұндай жағдайда заң аясында әрекет ету керек. Біз талап арыз жазып, төлем мерзімі мен тиісті сома өтелмесе, тапсырыс берушіге қандай шара қолданылатынын көрсеттік. Бұл жұмысшы құқығын қорғаудың тиімді тәсілі», - дейді қор заңгері.
Талап арызды алған соң тапсырыс беруші Мәдиге бірден төлем жіберген. Сома бір миллион теңгеден асады.
Жұмыс беруші еңбек құқығыңызды бұзса, жалақыны кешіктірсе, бізге хабарлаңыз. «Әділдік және өркендеу» қорының электронды поштасы adil.enbek@gmail.com немесе WhatsApp нөмірі +7 778 978 0212.