Батыс Қазақстан облысында жол қызметкерлерінің заңсыз әрекеті әшкере болды
Олар жол құрылысына қажетті топырақты заңсыз алған. Бұл туралы «Әділдік және Өркендеу» қоғамдық қорына Қазталов ауданының тұрғындары шағымданған.
Оқиға орнына біздің қордың өкілі Азамат Мусилов тексеріспен барды. Полиция қызметкерлерімен бірлесіп, жол мердігерлерінің 3 мың тоннаға жуық топырақты заңсыз алғаны анықталды.
«Құқық қорғау органдары компанияға айыппұл салатынына сенімдімін. Қазталов аудандық прокуратурасы біздің өтінішімізді қабылдады. Тапсырыс берушілер мен мердігерлерге жауапкершілік туралы ескерту жасалды. Өкінішке қарай, олар жобада оларға топырақ жеткізу қарастырылмаған деген сылтаумен әлі де заңсыз әрекеттерін тоқтатар емес», – дейді Азамат Мусилов.
Сонымен қатар, қоғам белсендісі көлік министрі Марат Қарабаевпен кездесіп, мердігерлердің құрылыс материалдарын шамадан тыс жүктемемен тасығанын, сол себепті Қазталовка-Чапаев учаскесіндегі жолдардың қирап жатқанын айтты.
«Сарықұдық ауылына дейін жолдың жағдайы қауіпті. Қазталовка бағытында жүргізушілер қарсы жолақпен жүруге мәжбүр. Сонымен қатар, айналма жолдар шаң-тозаңнан тазартылмайды. Соның салдарынан жүргізушілердің өміріне де қауіп төніп тұр», - дейді Мусилов.
Қоғам белсендісі министрлік жол мәселесін түбегейлі қайта қарауы керек деп есептейді. Мемлекеттік тапсырыс жүйесінде де, технологиялар мен материалдарды таңдауда да, құрылыс пен жөндеу сапасын бақылау жүйесінде де стандарттарды өзгертетін уақыт келді.
Өңірдегі жолдардың жай-күйіне мониторинг жүргізетін «Саналы ұлтқа – сапалы жол» – «Әділдік және Өркендеу» қорының маңызды жобаларының бірі. Өйткені жол сапасы халықтың әлеуметтік әл-ауқатына әсер етеді деп есептейміз.
Біздің бастамаларымызға қосылыңыз!