Әлем елдеріндегі мектеп асханасының тамағы қандай – фото
Мектеп асханасының тамағы – балалық шақтың ыстық естеліктерінің бірі. Ал қазір мектеп оқушылары қалай тамақтанады? Қор мемлекеттік мектептердегі тамақ сапасына ата-аналардың көңілі қаншалықты толатынын анықтау үшін әлеуметтік мониторинг өткізді. Оған 10 мыңнан астам ата-ана қатысты. Бұл мониторинг мемлекеттік мектептердегі тамақ сапасына қатысты мәселе өзекті екенін көрсетті. Өйткені бұл дені сау ұлт қалыптастырудың маңызды тұсы, себебі мониторингке қатысушылардың 55 процентінен астамы бала денсаулығына мектептегі тамақтың тікелей әсері бар деп санайды.
Мониторингтен бөлек, "Әділдік және өркендеу" белсенділері мектеп асханаларын тексереді. Биыл "Мектеп мәзірі" жобасының аясында Жетісу, Түркістан, Алматы облыстары мен Алматы қалаларындағы мектептер тексерілді.Бірқатар олқылық анықталы, акт толтырылды.
Ел мектептерін аралаған соң, әлемнің түрлі еліндегі оқушылар қалай тамақтанады деген сұрақ туындады. Олардың "мектеп мәзірі" төмендегі суреттерде.