Новости КАЗ

Қарағандылық белсенділер мен кәсіподақ өкілдері қазақстандықтарға тең мүмкіндіктер беруді қолдайды

Қарағандыда «Әділдік және өркендеу» Қоғамдық қорының өңірлік белсендісі Марина Иневатова және Қарағанды облысындағы Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым мен жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподақтық ұйымының басшыларымен кездесуі өтті. Жиында күн тәртібіндегі барлық азаматқа тең мүмкіндік беру мәселесі талқыланды.

Марина Иневатова Президент Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр қыркүйек айында білім саласында жариялаған реформалардың маңыздылығын ерекше атап өтті. Оның айтуынша, білім беру жүйесін еңбек нарығындағы сұранысты ескере отырып дамыту керек. Әсіресе, бұл кадр тапшылығы байқалып отырған техникалық салаға қатысты.

«Кәсіподақтық ұйымдардың басшылары мен құқық қорғаушылар біздің Қор жариялаған Манифесті қолдап, құжаттың барлық бабы олардың жұмысымен тығыз байланысты екенін айтты. Ел дамуы стратегиясының негізін қалаған кезде азаматтардың мүдделері мен қажеттіліктерін ескеру керек. Қазақстандықтар өз әлеуетін жүзеге асырғанда білім алу, жұмысқа орналасу, медициналық қызметтерге қол жеткізу және тағы да басқа салаларда тең құқыққа ие болуы керек»,-деді белсенді.

Кездесуге қатысушылар алға қойылған жоспарларды іске асырғанда әр патриоттың дауысы мен қоғамдық қолдаудың маңыздылығын атап өтіп, ынтымақтастық пен диалог орнатуға дайын екендігін жеткізді. Белсенділер мен құқық қорғаушылар арасындағы ой және тәжірибе бөлісудің арқасында болашақтағы ынтымақтастық пен дамуға жаңа мүмкіндіктер береді.

Қарағанды облысындағы Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым мен жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподақтық ұйымы мектеп, балабақша мен жоғары оқу орындарының 5 мың қызметкерін біріктіріп отыр. Оларға жиі заңгерлік көмек қажет болып тұрады.

Белсенділер қазақстандықтарды елдің мықты, әділ және гүлденген болашағын құру үшін Манифестке онлайн қол қоя отырып, Қордың жұмысына қосылуға шақырады.
2024-03-11 17:07