Новости КАЗ

Қор белсенділері Атыраудағы №18 балабақша ұжымымен кездесу өткізді

«Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қорының Атырау облыстық филиалының басшысы Алена Асамбаева Атырау қаласының №18 балабақша ұжымымен кездесіп, ұйымның қызметі мен миссиясы туралы айтып берді.

Ұйымның өңірлік жетекшісі Қордың басты мақсаты - әділ Қазақстан құру жолындағы реформаларды іске асыруға өз үлесін қосқысы келетін белсенді азаматтық ұстанымы бар адамдарды біріктіру екенін хабарлады.

Кездесуде Алена Асамбаева ел азаматтарына арналған Манифест-үндеудің негізгі қағидаттарына тоқталып өтті. Құжатта жұмысшылардың құқықтарын қорғау, кірістерді бөлудегі әлеуметтік әділеттілік, заң алдындағы теңдік, барлығына бірдей мүмкіндіктер, әр азаматтың қадір-қасиетін құрметтеу және қорғау, азаматтардың шешім қабылдауға қатысуы сынды бағыттар қамтылған.

«Манифест-үндеу «Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қордың басты құжаты болып табылады. Кез келген адам Қордың жұмыс принциптерімен танысып, Манифестке қол қоя алады. Ол үшін ұйымның ресми сайтына кіру керек», - деді белсенді.

Қор өкілдері Атырау қаласында қоғамдық қабылдау бөлмесінің ашылғаны туралы хабарлады.
«Біз «әділетті Қазақстан» құру идеясын қолдаймыз. Осы мақсатта Атырау қаласында қоғамдық қабылдау ашамыз. Өңір тұрғындары кез келген мәселе бойынша осында жүгіне алады. Қажет болған жағдайда біздің мамандар мемлекеттік органдарды тарта отырып, азаматтарға өзекті мәселелерді шешуге жәрдем көрсететін болады», - деді «Әділдік және Өркендеу» ҚҚ облыстық филиалы белсенді.

Балабақша ұжымы қоғам белсенділерінің бастамасын қолдап, Манифест-үндеуге қол қойды.
Естеріңізге сала кетейік, «Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қоры еліміздің белсенді азаматтарының бастамасымен құрылған. Қордың миссиясы -қазақстандықтардың мүдделерін білдіру мен олардың өмірін сүру сапасын жақсартуға ықпал ету, ел тұрғындарына қоғамдық маңызы бар мәселелерді шешуге қолдау көрсету.

Қордың қоғамдық қабылдаулары республиканың көптеген аймақтарында жұмыс істейді. Қор жақтастарының қатарына қосылып, Манифестке онлайн қол қоюға болады.
2024-05-20 14:00