Шымкентте қор белсенділері мен әкімдік өкілдері жүргізушілердің құқығын бірлесе қорғайды
Шымкентте қор белсенділері мен әкімдік өкілдері жүргізушілердің құқығын бірлесе қорғайды
«Әділдік және Өркендеу» қоғамдық қоры өкілдігінің жетекшісі Эльенора Ағабекқызы мен Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимов өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.
Тараптар өңірдегі жол, көлік саласындағы еңбеккерлердің құқығын қорғау бойынша бірлесе әрекет етуге уағдаласты.
Қор мен басқарма кез-келген мәселеде қоғамдық пікірді ескеріп, мемлекеттік органдар тарапынан шығарылатын шешімдерді түсіндіріп, түрлі мәселені шешу жолын бірлесе қарастыруға келісті. Мақсат пен мүдде ортақ – еңбек адамының мәртебесін көтеру, құқығын қорғау.
Шымкент қаласында жолаушылар тасымалымен айналысатын 11 компания бар. Онда мыңға жуық жүргізуші жолаушыларға қызмет көрсетеді. Олардың әр бағыттағы қозғалысы және қауіпсіздігі диспетчерлік қызмет, сонымен қатар, IKOLIK қосымшасы арқылы бақыланады. Цифрлық технология негізінде әр жүргізуші мен оның көлігінде қандай да бір жағдай туындаса, тез арада алмастыру немесе жөндеуге қолдау көрсетіледі. Алматы қаласындағы қоғамдық көлікте болған жағдай қайталанбас үшін автобус жүргізушілерін сынбайтын айнамен оқшаулау қолға алынды.