«Әділдік және Өркендеу» ҚҚ өкілдері Қостанай облыстық ардагерлер кеңесі басшылығы және өнер саласының мамандарымен кездесті
«Әділдік және Өркендеу» ҚҚ өкілдері Қостанай облыстық ардагерлер кеңесі басшылығы және өнер саласының мамандарымен кездесті
«Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қорының өкілдері Қостанай облыстық ардагерлер кеңесі басшылығымен кездесті. Жиын барысында белсенділер Қордың алға қойған мақсат-міндеттері жайлы сөз қозғады. Қатысушылар ұйымның негізгі құжаты болып табылатын Үндеу-Манифестің мазмұнымен танысты. Ардагерлер кеңесінің төрағасы Батырбек Ахметов құжаттың басты бағыттарының өзекті тұстарына тоқталып өтті.
«Барлық азаматтың заң алдындағы теңдігін қамтамасыз ету өте маңызды. Бүгінде өз қызметін тиісті деңгейде атқара алмай отырған ведомстволар бар. Салдарынан ел тұрғындарының құқықтары бұзылып жатқан жағдайлар орын алып жатыр. Ондай келеңсіздіктерге жол бермей, бірігіп күресу керек», - деді Батырбек Ахметов.
Қостанайдың бетке ұстар өнер адамдары да «Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қорының Қазақстан азаматтарына арналған Үндеу-Манифестін қолдады. Олар құжатта көрсетілген қағидалардың қоғамның дамуына сүбелі үлес қосатынына сенім білдірді.