«Әділдік және Өркендеу» ҚҚ Қызылорда өңіріндегі белсенділері ауыл тұрғындары және түрлі еңбек ұжымдарымен кездесулер ұйымдастырып, жергілікті халықты Қордың мақсат-міндеттерімен таныстырып жатыр. Жақында ғана белсенділер Арал ауданы Қамыстыбас ауылындағы су тұтынушылары қоғамы өкілдері және шаруа қожалық иелерімен бас қосып, жиын өткізді.
Олар Қордың басты құжаты – Манифест-үндеуде айтылған әрбір басым бағыт бойынша халыққа түсініктеме берді. Қамыстыбас ауылдық округінің тұрғындары ұйымның мақсат-міндеттерімен танысып қана қоймай, Манифестке де қол қоятынын жеткізді.

«Заң алдындағы теңдіктің үстемдігі – Манифесте көрсетілген ең басты қағиданың бірі деп есептейміз. Бұл тетік біздің көңілімізден шығып отыр. Алдағы уақытта Қордың әлеуметтік сауалнамасына белсене қатысқымыз келеді. Өйткені ел игілігі жолында еңбек етіп жатқан ұйымға тек көкейімізде жүрген мәселені бүкпесіз жеткізу арқылы ғана көмек бере аламыз. Бәріміз осы қоғамдық ұйым төңірегінде топтасайық», – деді ауылдық шаруа қожалығының иесі Темірлан Бейбітұлы.
Қызылордалық белсенділер Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіне барып, «Қамқор вагон» ЖШС «Қазалы вагон жөндеу депосы» филиалының жұмысшыларымен де кездесті. Басқосуда Қордың мақсаты, алдағы міндеттері және Манифест – үндеу туралы толық ақпарат берілді. «Әділдік және Өркендеу» ҚҚ өкілдері жиын қатысушыларын ұйым жақтастары қатарына қосылуға шақырды.

«Қазіргі таңда «Қамқор вагон» жөндеу депосы 122 адамды жұмыспен қамтып отыр. Бұл жерде қарапайым еңбек адамдары шойын жолдың үздіксіз жұмыс істеуі үшін күнделікті ауыр жұмыспен айналысып келеді. Темір ұсталары, металл жонушылары, электргазбен дәнекерлеушілер, фрезерші мен бұрғылаушылардың еңбегін бағалап, зор құрмет көрсету біз үшін парыз», – деді «Әділдік және Өркендеу» ҚҚ Қызылорда өңіріндегі белсендісі Анар Ізден.
Шойын жолда шыңдалғандар сөзге сараң болғанымен, нағыз істің адамдары болғандықтан Қор туралы пікірлері де нақты әрі әділ болды. Олар МӘМС жүйесі бойынша түскен қаражатын еңбек демалысында ұтымды пайдалану жолдарын қарастыруды, жұмыстың ауырлығына сәйкес тынығу мен ем шараларын сол жарнапұл төңірегінде алуға мүмкіндік берілуін сұрап отыр.
Жиын барысында Қор белсенділері жұмысшылар, дәрігерлер, мұғалімдер мен шаруалардың құқығын қорғау, қоғамдық бақылау жүйесі арқылы әлеуметтік игіліктер алуға тең мүмкіндік беру және еңбек адамы мен жұмыс берушінің арасында диалог орнатуға басымдық берілетінін хабарлады.
«Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қорының мақсаты әрбір қазақстандықтың мүддесіне сай келетін әділ қоғам құруға бағытталған. adildik.org.kz сілтемесі арқылы Қор жақтастарының қатарына қосылып, Манифест-үндеуге онлайн қол қоюға болады.