Новости КАЗ

Түйіткілдерді шешу: конструктивті көзқарас пен халық пікірі

«Әділдік және өркендеу» Қоғамдық Қорының белсенділері халық пен билік органдары арасында диалог құруға кірісті.

Әдемі-ау Толысбайқызы, Түркістан облысындағы Үкіметтік емес сектор өкілі:

«Біздің ұйым билікке, билік тармақтарына, құзырлы және бақылаушы органдарға қарсы күш емес. Керісінше, «Әділдік және өркендеу» Қоры олармен әріптестік орнатып, ел азаматтарын алаңдататын мәселелердің шешімін ортақтасып табуды ұсынады».

Шәмші Хамзе, «Қазақмыс» компаниясының кеншісі:

«Біз, қарапайым жұмыскерлер, мысалы кеншілер кіріптар болып отырған ірі кәсіпорын иелері, ауқатты жұмыс берушілер бізге қарсы болуы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз. Сондықтан бізге өзекті мәселерді шешуге еңбек ұжымдарын тарта отырып, қоғамдық мониторинг арқылы жұмыс істеу керек».

Қоғамдық Қордың мүшелері азаматтарды алаңдататын мәселелер бойынша ақпарат жинап, оны шешуге кәсіби мамандар мен сарапшыларды тартады. Дәрігерлермен, мұғалімдер мен түрлі меншіктегі кәсіпорын жұмыскерлерімен күнделікті кездесу ұйымдастырады. Қор күнделікті ахуалды назарда ұстай отырып, адамдардың пікірін зерделеп, билікке өзекті мәселелерді жедел жеткізіп қана қоймай шешімін де ұсына алады. Бұл қазақстандықтарға қордаланған проблемалар туралы ашып, ашық айтуға, ал мемлекетке жергілікті жердегі шынайы жағдайды түсінуге мүмкіндік береді.

«Егер біздің даусымызды естімесе, оны жеткізу үшін жария етудің барлық заңды әдістерін қолдануға құқығымыз бар», деп мәлімдейді Батыс Қазақстан облысының белсендісі Асыланбек Губашев.
2024-02-01 10:00