Қызылорда автобус паркі «Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қорының Манифестімен танысты. Қордың жергілікті белсенділері ұйымдастырған кездесуде елімізде жұмысшы мамандардың тапшылығы, «Нәтижелі жұмыспен қамту» оқу бағдарламасының түлектері арасындағы жұмыссыздық, МӘМС мәселелері, кәсіподақтардың жұмысшы құқығын қорғаудағы мәселелері қызу талқыланды. Басқосуға келгендер «Әділдік және Өркендеу» ҚҚ осы бағыттағы атқарып жатқан жұмыстары жайында құлақтандырылды.
Сондай-ақ белсенділер Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде орналасқан «Шапағат» мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалтуға арналған орталық ұжымымен кездесті. Жиналған қауым Қордың аз уақытта жұмысшылардың құқықтарын қорғау, МӘМС жүйесі бойынша жұмыс атқарып, нақты шаралар қабылдап жатқанынан хабардар екенін жеткізді.
Кездесуге қатысқандарға Қордың Манифест-үндеуінің басты қағидалары жайында ақпар берілді. Манифесте айтылған әрбір бағыт ұжымның көңілінен шықты. «Шапағат» оңалту орталығының қызметкерлері мен тәрбиеленушілердің ата-аналары Қордың жақтасы болып, бірлесе бір мақсатқа жету жолында күш біріктіруге әзір екенін айтты.
«Бүгінгі күні Қызылорда облысы бойынша 200 - ден астам жақтас жинаған ұйымның қатарында өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмыскерлері, құрылысшылар, түрлі қоғамдық ұйымдардың өкілдері, ғалымдар, мұғалімдер мен дәрігерлер, заңгерлер, қала, аудан мен ауылдардың тұрғындары бар. Олардың барлығын қуатты әрі әділетті қоғам құруға деген ортақ мақсат біріктіреді. Осындай іргелі ұжымдардың жақтастар қатарынан табылғаны Қоғамдық қордың жұмысына серпін бере түсті», – деді «Әділдік және Өркендеу» ҚҚ Қызылорда облысындағы өкілдік жетекшісі Анар Ізден.
Белсенді кездесуге келген барлық азаматты adildik.org.kz сілтемесі арқылы Қор жақтастарының қатарына қосылып, Манифест-үндеуге онлайн қол қоюға және Қордың ұйымдастыруымен жүргізіліп жатқан әлеуметтік мониторингке қатысуға шақырды.