Новости КАЗ

Цифрлық қауіпсіздік: "Әділдік және өркендеу" өткізген дөңгелек үстелде жолдардың жай-күйі талқыланды

Жолдарда цифрлық технологияларды кеңінен енгізу қауіпсіздік деңгейін арттыра алады. Батыс Қазақстан облысы Әкімшілік полиция басқармасының басшысы Александр Плешаков "Әділдік және өркендеу" қоры ұйымдастырған дөңгелек үстелде сөз сөйледі. Қоғам белсенділері мен билік өкілдері жол құрылысы сапасы мен қауіпсіздігіне байланысты мәселелерді қалай шешуге болатынын талқылады.

- Қазір цифрландыру дәуірі. Біз жаңа технологияларды барынша қолдануымыз керек. Апаттардың алдын алу және азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін әрбір учаскеде осы камераларды қою қажет. Бұл жүйелер сыбайлас жемқорлық тәуекелін жояды. Яғни, жүйе бар, компьютер адам емес, бәрі есептеліп отырады. Қызметкер бұрын жылдамдықты қолмен радар арқылы тіркейтін. Қазір олай емес, кім болса да, айыппұл төлеуге міндетті. Ал келесі жолы адам ойланатын болады, - деді Плешаков.

Кездесуге қатысушылар қор өкілі Азамат Мусиловтың баяндамасын талқылады. Ол биыл жазда Батыс Қазақстан облысында 7 200 шақырымнан астам жолдың құрылысы мен жөнделуін тексерді. Осы саладағы жүйелі кемшіліктерді анықтады. Мәселені шешу үшін билік өкілдері мен қоғам белсенділері күш біріктіруге тиіс, деп қорытындылады жиынға қатысушылар.
2024-11-06 09:58