«Әділдік және өркендеу» Қоғамдық қорының белсенділері Қазақстан азаматтарына үндеу жариялады
«Әділдік және өркендеу» Қоғамдық қорының белсенділері елдің барлық азаматтарына үндеу - Манифест қабылдады. Бұл ұйымның басты, негізгі құжаттарының бірі. Манифест мәтіні Қоғамдық қордың барлық белсенділерімен бірігіп әзірленді. Құжат бойынша жұмыс бірнеше айға созылып, үш оқылым өтті. Құжаттың алғашқы жобасы Қазақстанның барлық аймақтарынан келген өкілдермен пысықталып, нәтижесінде 250-ге жуық ұсыныс пен түзету енгізілді. Олардың барлығы ескеріліп, қорытынды құжатқа енгізілді.
Нәтижесінде Астанада өткен жиында – Манифест бірауыздан қабылданды.
Белсенділер Қазақстанның болашағына бей-жай қарамайтын азаматтарды Қордың жұмысына қатысып, құжатқа онлайн қол қоюға шақырады. Осылайша, қуатты әрі әділ Қазақстанды бірлесіп құруға үндейді.