Новости КАЗ

Қоғамдық бірлестік кеншілердің зейнет жасын төмендету туралы петицияны қолдады

Қоғамдық бірлестік кеншілердің зейнет жасын төмендету туралы петицияны қолдады

Қарағандылық регресші кеншілердің «Уақыт» қоғамдық бірлестігі қазақстандықтарды кеншілердің зейнет жасын 50-ге дейін төмендету туралы петицияға қол қоюға шақырды.

Регресші – жұмыста денсаулығы сыр бергендіктен, жер астында жұмыс істей алмай қалған кеншілер. Қарағанды облысында мұндай 10 мыңнан астам жұмысшы бар. Жұмыс беруші оларға өтемақы төлейді. Бұл төлем сомасы кенші жалақысынан әлдеқайда төмен. Бұған қоса, мүгедектігі бар кеншілер зейнетке шыққанша жеңілдетілген жағдайда жұмысын жалғастыруға мәжбүр.

«Уақыт» бірлестігінің төрағасы Наиль Юсупов 35 жылдан астам Костенко атындағы шахтаның үңгілеу бригадасында еңбек етті. 2023 жылдың қазан айында метанның бөлінуі кесірінен әріптестері мен достары қаза болды. Наиль Юсупов төрт жыл бойы қоғамдық жұмыстарға араласып, қазір басқа да мүгедектігі бар кеншілерге көмектесумен айналысады.

«Егер мемлекет біздің дені сау ұлт болғанымызды, жұмысшыларды емдеуге бюджеттен қыруар қаражат жұмсамауды қаласа, осы мақсатқа жетудің арнайы стратегиясы болуы керек», - деп есептейді Юсупов.

Ол кәсіптік аурулар дұрыс ойластырылмаған саясат салдарынан пайда болатынын, жағдайды өзгертетін уақыт келгенін айтып отыр. Сондықтан барша қазақстандықтарды кеншілердің еңбегіне құрмет көрсетіп, зейнет жасын 50-ге дейін төмендету туралы петицияға қол қоюға шақырды.
2024-08-05 16:00