Новости КАЗ

НҰРБОЛ ОҚУОВ: Біздің Қордың қызметі жұмысшылардың мәселелерін реттеуде шешуші рөл атқара алады

Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарындағы Қордың өңірлік белсенділерінің кездесуі Ақтау қаласында өтті. Қазақстанның батыс өңірі үшін еңбек адамдарының құқықтарын қорғау мәселесі ең өзекті тақырып болды. Маңғыстау облысындағы «Әділдік және өркендеу» Қоғамдық қорының өкілдік басшысы Нұрбол Оқуовтың айтуынша, заңнаманы білмейтін кәсіпорын қызметкерлері өз мүдделерін қорғай алмайтыны анық. Сондықтан Қордың өкілдері еңбек адамдарына кәсіби заңгерлік көмек көрсетуі тиіс.

«Көбіне жұмысшылар өз құқықтарын білмейді және заңды құжаттарды дұрыс рәсімдеу алмайды, салдарынан олардың мүдделері тиісті деңгейде қорғалмай жатыр. Маңғыстау облысындағы кәсіподақтар жұмысшылар арасында беделін жоғалтты. Еңбек қатынастарын ырықтандыру мен кәсіподақтардың рөлін арттыру шаралары қабылданып жатқанымен, жұмысшылар оларды тиімсіз деп санайды. Оған ұжымдық шарттар жасасу кезінде қызметкерлердің мүдделерін тиісінше қорғамау, мүшелік жарналар есебінен әлеуметтік қолдау мен еңбек ұжымдары арасында кәсіподақтардың қызметі туралы ақпараттық жұмыстың болмауы және қызметкерлерді жеткіліксіз қамту сынды себептер бар. Осыған байланысты біздің Қордың қызметі еңбек адамдарының мәселелерін реттеуде шешуші рөл атқара алады.

Бұдан бөлек, өңір тұрғындарының өмір сүру сапасына теріс әсер ететін, шиеленісті әлеуметтік жағдай туғызатын және еңбек жағдайлары мен жұмысшылардың өмірінің нашарлауына әкеп соғатын бірқатар елеулі әлеуметтік-экономикалық проблема бар.

Маңғыстау облысын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары шеңберінде өнеркәсіп, АӨК, көлік және логистика, ТКШ, сумен жабдықтау, халықты жұмыспен қамту, денсаулық сақтау және басқа да салаларды дамыту жөніндегі іс-шаралар атқару көзделген. Оны іске асыру халықтың өмірін жақсартуға ықпал ететін болады. Бұл проблемаларды шешуге барлық мүдделі тарап, яғни мемлекеттік органдар, қоғам қайраткерлері, қарапайым азаматтар мен кәсіподақтар қатысуға тиіс. Қор Маңғыстау облысының кешенді жоспарын іске асыруға қатысу арқылы еңбек жағдайларын жақсарту, еңбек құқықтарын қорғау және өңір экономикасының түрлі саласындағы қызметкерлерді әлеуметтік қамтамасыз етуге белсенді ықпал ете алады», - деп атап өтті Қордың өңірлік филиалының өкілі.