2024 жылғы 13 желтоқсанда «Әділдік және өркендеу» қоғамдық қоры мен Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі ұйымдастырған дөңгелек үстел өтті. Басты тақырып – Денсаулық сақтау және Оқу-ағарту министрліктері әзірлеген мектепте тамақтанудың жаңа стандартын талқылау. Бұл стандарт білім беру мекемелеріндегі тамақтану сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадам. Алайда стандартты қабылдау үшін қоғам белсенділігі қажет.
«Әділдік және өркендеу» қоры биыл қараша айында мектеп сапасына қатысты ауқымды әлеуметтік мониторинг жүргізді. Зерттеуге елдің әр өңірінен 10 мыңнан астам ата-ана қатысты. Олардың 53%-ы ғана мектеп тамағының сапасына көңілім толады деп жауап берді. Ал 10%-ы «нашар» деген нұсқаны таңдады. Тағамдар біркелкі, қант пен тұз нормасы сақталмайды, азық-түліктің сапасы төмен деген уәж айтылады.
Дәмсіз болғандықтан, ысырап болатын тағам индексі
Бұл көрсеткішті есептеу әдістемесін егжей-тегжей жазып, тамақ берудің әр кезеңінде осыны ескеру ұсынылды. Бұған қоса, нормативтерді өңір мен білім мекемесінің ерекшелігіне бейімдеу маңызды.
Тамақтың бағасы
Қатысушылар әр өңірде тамақ құны әртүрлі екенін айтып отыр. Мәселен, Қостанай облысында бір адамға 581-670 теңге шамасында. Бірыңғай тәсіл болмағандықтан, сапа нашарлайды.
Шығындар ескерілмейді
Қазіргі нормада еңбек, құрылғылардың ескіруі мен коммуналдық қызмет шығыны ескерілмейді. Салдарынан азық-түлікке жұмсалатын ақшаны үнемдеуге тура келеді. Жиын қатысушылары барлық шығынды қоса есептеуді ұсынды.
Сабақ болмаса...
Ауа райына байланысты сабақ болмайтыны жайлы азық-түлік жеткізушілеріне дер кезінде хабарланбайды. Олар шығынға батады. Сондықтан хабардар етудің нақты мерзімі мен тәртібін жасау ұсынылды.
Сарапшылардың пікірі
«Біз бұл мәселе қоғамды алаңдатып отырғанын көрдік. Мыңдаған ата-ана өз пікірін білдірді. Олардың ұсынысын негізге ала отырып жаңа стандарт әзірленді. Ендігі мақсат бұл стандартты бекітіп қана қоймай, оның сақталуын қамтамасыз ету. Қоғамдық бақылау — сапа кепілі. Белсенді ата-аналар, сарапшылар мен қоғамдық ұйым өкілдерінсіз мектеп асханалары жаңа стандарт бойынша тиімді жұмыс істей алмайды», ‑ деді Қордың Алматыдағы өкілдігінің жетекшісі Мирас Байсейітов.
Қазақ тағамтану академиясының диетолог дәрігері Вероника Уливанова қазіргі мектеп мәзірінің стандарты талаптарға сай келмейтінін айтып отыр.
«Қазіргі уақытта мәзірді диетологтар емес, азық-түлік жеткізушілер қалыптастырады. Балалардың рационында қант, тұз және май көп. Бұдан бөлек, өткен ғасырда әзірленген тағамдардың тізімі қолданылады. Сондықтан жаңа стандарт жасау қажеттілігі туындап отыр», — деді ол.
Келесі қадам
«Әділдік және өркендеу» келер жылы да мектеп тамағының сапасын бақылауды жалғастырады. Қор жұртшылықты осы іске белсенді қатысуға шақырады.