«Әділдік және Өркендеу» ҚҚ Қарағанды өңіріндегі белсенділері өз қатарына жаңа жақтастарды тартып жатыр
«Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қоры жақтастарының саны күн сайын артып келеді. Бұл жолы ұйымның Манифест-үндеуін Қарағандыдағы «ОкнаСтройСервис» компаниясының қызметкерлері қолдады.
Өндірістік кәсіпорын металл-пластик және алюминий терезелерін, есік, балкон блоктарын және басқа да бұйымдарды өндірумен айналысады. Қордың Қарағанды облысындағы өкілдігінің жетекшісі Марина Иневатованың хабарлауынша, компания ұжымы белсенділермен кездесуде өз мәселелерін айтып, ұсыныстарын ортаға салды. Мәселен, қарағандылықтар тұрғын үй жағдайын жақсарту және ипотеканы ресімдеуді жеңілдету төңірегінде сөз қозғады.
Қоғамдық қордың ел азаматтарының өмір сүру сапасын қамтамасыз етуге бағытталған қағидаттарын қолдай отырып, «ОкнаСтройСервис» кәсіпорнының қызметкерлері ұйымның басты құжаты – Манифест-үндеуге қосылды.
«Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қоры өз Манифестінде еңбек адамының құқығын қорғау, кірістерді бөлудегі әлеуметтік әділеттілік, заң алдындағы теңдік, барлығына бірдей мүмкіндіктер, әрбір азаматтың қадір-қасиетін құрметтеу және қорғау, шешім қабылдауға азаматтардың қатысуы сынды тетіктерге басымдық берді.
Қордың миссиясы - әрбір қазақстандықтың мүддесіне сай келетін әділ қоғам құру. Қор жақтастарының қатарына қосылып, Манифестке онлайн қол қоюға болады.