Новости КАЗ

Ақтауда қор өкілдері биыл мектеп табалдырығын аттайтын 35 бүлдіршінге тарту жасады

Ақтауда қор өкілдері биыл мектеп табалдырығын аттайтын 35 бүлдіршінге тарту жасады

«Әділдік және Өркендеу» қоғамдық қорының Маңғыстаудағы өкілдігінің белсенділері қаладағы көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыдан шыққан балалармен кездесіп, көмек қолын созды. «Мектепке жол» акциясы аясында 1-сыныпқа баратын 35 балаға кеңсе тауарлары салынған сөмкелер табысталды.

«Балалар жақсы оқып, ата-анасы мен ұстаздарының үмітін ақтайды деп сенеміз. Қаламыздағы белсенді азаматтарды осындай қайырымдылық шараға қатысуға шақырамыз», – деді Қордың Маңғыстаудағы өкілі Нұрлыбек Қарабалин.

Акцияның басты мақсаты — ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жетім, көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыдан шыққан балаларға әлеуметтік қолдау көрсету.
2024-09-01 10:00