Новости КАЗ

ГҮЛМИРА БАТПАҚҰЛОВА: Мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекет пен қоғамның қолдауы қажет

Биыл Отан қорғаушылар күнінде Орал қаласындағы «Арба» қоғамдық бірлестігінің құрылғанына он бес жыл болды. Оның негізін қалаған Гүлмира Батпақұлова ерекше қажеттіліктері бар адамдарға көмек көрсетеді. Ұйымның жұмысын одан әрі тиімді ұйымдастырып, қоғам назарын мүгедектердің проблемаларына аудару үшін прогрессивті ойлары бар нәзік жанды «Әділдік және Өркендеу» Қоры жақтастарының қатарына қосылды.

Осыдан жиырма жыл бұрын Гүлмира Батпақұлова жол апаты кезінде омыртқасын сындырып, мүгедек болып қалды. Әйел адамның оңалып, бейімделуіне көп жыл кетті. Осы қиын кезеңде оған тек жақын адамдары ғана көмектесті. Кейін ол дәл осындай жағдайға тап болған адамдарға жәрдем беруді шешті.

2009 жылы Гүлмира өзін қолдайтын азаматтармен бірге «Арба» қоғамдық бірлестігін құрды. Бүгінде бұл ұйымның құрамында 375 адам бар, олардың барлығы – мүгедек жандар. Биыл бірлестік үшін маңызды күнді атап өту мен мерекелік іс-шаралардан бас тарту туралы шешім қабылданды. Ұйым басшысының айтуынша, қазір одан да маңызды істер бар.

«Біз бәріміз көктемгі су тасқынының куәсі болдық. Зардап шеккендер көп, олардың арасында мүгедектер де бар. Сондықтан қазір біз салтанатты мереке ұйымдастырмаймыз. Барлық күшімізді су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесуге жұмылдырамыз. Оларға қаржылай көмектесіп, түрлі керек-жарақ алмақшымыз. Мысалы, медициналық таңғыш материалды сатып аламыз, азық-түлік жиынтықтары мен тұрмыстық химияны жеткіземіз. Сондай - ақ құқықтық кеңестер беруге ниеттіміз», - деді қоғамдық бірлестік төрағасы.

Гүлмира Батпақұлованың айтуынша, ол мүгедектігі бар адамдарға қатысты қоғамда қалыптасқан стереотипті көзқарасты өзгертуге тырысады. Бір реттік акциялар мен іс-шаралар мәселені түбегейлі шешпейді. Мүмкіндігі шектеулі жандарға азаматтардың қолдауы қажет, деп есептейді ол. Ата-аналар балаларын жастайынан төзімділікке үйретіп, қоғамда түрлі адам бар екенін және оларды сол қалпында қабылдау керектігін түсіндіргені маңызды.

Белсенді өмірлік ұстанымы бар басшы ретінде Гүлмира білім беру, жұмысқа орналасу және мүгедектер үшін қолжетімді ортаны ұйымдастыру саласындағы жүйелі проблемаларды шешудің тиімді жолдарын үнемі іздестіреді. Сондықтан ол «Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қорының Манифест-үндеуін зерделеп, оның жақтастар қатарына қосылды.

«Әділдік және Өркендеу» Қорының идеяларын толық қолдаймын. Қиыншылыққа қарамастан, біз әділдікке сенеміз және жаңа Қазақстанда мүгедектігі бар адамдардың өз орны бар деген үміттеміз. Ел Президентінің бағдарламалары мен жобаларын іске асыру тұрғысынан Қорға үлкен үміт артамыз. Мен еліміздің дамуына және азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыруға өз үлесімді қосуға дайынмын. Мүгедектердің барлық өзекті мәселесі республикамыздың ірі қалаларында да, ауылдарында да, ең шалғай жерлерінде де ойдағыдай шешілуі қажет. Ерекше қажеттіліктері бар адамдар - халықтың ең осал топтары және олар үшін мемлекеттің қолдауы өте маңызды. Қор өкілдері осы бастаманы қолға алғаны абзал. Бірлескен күш-жігердің арқасында үлкен нәтижелерге қол жеткіземіз деп ойлаймын», - деп қорытындылады Гүлмира Батпақұлова.

Естеріңізге сала кетейік, «Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қоры өз жақтастары қатарын арттыру науқанын жүргізіп жатыр. Ұйымның басты құжаты – Манифест – үндеу барлық азаматқа арналған. Құжатта Қордың негізгі қағидалары көрсетілген. Әр азамат Манифестке онлайн қол қою Қор жақтастары қатарына қосыла алады.