Қазіргі таңда елімізде үкіметтік емес ұйымдардың саяси және әлеуметтік өзгерістерге бағытталған әлеуеті азаматтардың белсенділігіне тәуелді. «Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қорының құрылуы да осы жаңашылдықтардың айқын нәтижесі. Еліміздің барлық облысынан қоғамға танымал, белсенді тұлғалар өздері бастамашы болып, қазақстандықтарға арналған Манифест-үндеуін жариялады. Құжатқа Астана қаласында Қордың аймақтық өкілдіктері басшыларының кездесуінде қол қойылды.
«Халқымыздың әлеуметтік, экономикалық жағдайына алаңдап, мәселелерімізді сындарлы жол арқылы шешуге ден қойған саналы азаматтар «жеке жүріп жетістікке жету емес, бірігіп ұлттың жағдайын жақсарту» жолын таңдады. Басты мақсат - еңбек адамының құқықтары қорғалып, өз елінде бай, бақытты ғұмыр кешуіне мүдделі қоғам қалыптастыру. Жасыратыны жоқ, қазіргі таңда халық мен билік арасы алшақтап кетті, адамдарда биліктің әрбір ісіне күдікпен қарайтын сенімсіздік пайда болды. Жемқорлық барлық салада жайылғаны сонша, адал жолмен еңбек ету деген ұғым жоғалды десек болғандай. Сондықтан азаматтық қоғам белсенді, конструктивті бола отырып, өз талаптарына назар аудартып, дұрыс шешілуіне мүдделі болғанда қоғам өзгереді деп білеміз», – деді «Әділдік және Өркендеу» ҚҚ Түркістан облысындағы өкілдік жетекшісі Әдемау Толысбаева.
Атқарылған жұмыс нәтижесінде Астана қаласында «Жұмысшылардың өндірістегі еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жөнінде талқылау өтіп, ұсыныстар Үкіметке жолданды. Сондай-ақ «Әділдік және Өркендеу»ҚҚ белсенділері қоғамда қордаланған маңызды мәселелердің бірі – «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және денсаулық сақтау саласына қатысты проблемалар» тақырыбында сессиялық талқылау да ұйымдастырды. Жиынға Денсаулық сақтау министрлігі өкілі, МӘМС қорының төраға орынбасары, дәрігерлер, денсаулық саласы бойынша тәуелсіз сарапшылар және Қордың белсенділері қатысты. Талқылау соңында ұсыныстар жинақталған қорытынды құжат жауапты ведомствоға жолданды.
Қордың белсенділері елімізде орын алған су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға алғашқылардың бірі болып гуманитарлық көмек жібере бастады. Қор алдағы қалпына келтіру жұмыстарына үлес қосу механизмдерін әзірлеп жатыр.
«Әділдік және Өркендеу» ҚҚ - еліміздегі еңбек адамдарының құқығын қорғайтын, «адал еңбек» культін дәріптеп, қоғамда сондай адамдар арқылы жемқорлық проблемасын шешу жолдарына жұмылатын белсенділер тобы.
Еңбек адамдарының қызмет етіп, өркендеуіне кедергі келтіретін мәселелердің басын біріктіріп, шешу жолдарын да көрсетіп, үкіметтік, құзырлы ұйымдармен бірлесе нәтижеге жету - Қордың мақсаты. Ұйымның қоғамдық қабылдаулары да тұрақты жұмыс істеп тұр. Мәселен, қаңтар айынан бері Түркістан облысы бойынша 112 адам өкілдік қабылдауында болды. Мамандар толғандыратын мәселелер бойынша құқықтық кеңестер беріп, белсенді жақтастармен бірлесе ұсыныстар дайындайды.
«Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қоры әр аймақтарға тән проблемалар бойынша ортақ жобалар негізінде нәтижеге жету алгоритмдерін дайындап жатыр.