Новости КАЗ

Қ. МОЛДАҚАШЕВ: Жас белсенділердің Қорды дамыту мен оның құндылықтарын насихаттаудағы әлеуеті өте жоғары

Астанада өткен «Әділдік және өркендеу» ҚҚ өңірлік өкілдерінің кездесуіне қатысушылар аймақтардағы өзекті мәселелерді талқылап, оларды шешу жолдарын бірге іздестіріп көрді. Іс-шара барысында қоғам белсенділері өз тәжірибесімен бөлісіп, Қор қызметін дамыту бойынша өз идеяларын ұсынды.

Абай облысындағы «Әділдік және өркендеу» ҚҚ өңірлік өкілдігінің басшысы Қуаныш Молдақашевтың пікірінше, елдің негізгі қозғаушы күші – жастар. Сондықтан жас ұрпақ Қордың қоғамдық өмірі мен жұмысына барынша белсенді қатысуы тиіс.

«Бүгінде жастар экономикадағы негізгі трендтер мен қоғамдық пікірді қалыптастыруға ықпал етеді. Сондықтан біз Қордың Абай облысындағы қызметі бастағалы жастарды қоғамдық жұмыстарға қатыстырдық.

Бірінші кезекте біз өз ортамызда беделді жастар ұйымдарының көшбасшыларын қатарымызға қостық. Олар бізбен бірге Қордың жұмысына қатысады, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, жақтастарды ұйымдастыруға көмектеседі.

Біз басқа өңірлерге де жастар бірлестіктерімен тығыз байланыста жұмыс істеуді ұсынамыз. Келешекте біздің пікірлестеріміздің қатарын кеңейту үшін студенттік ұйымдармен жұмысты жалғастыруға ниеттіміз, өйткені Семей - студенттер қаласы. Біздің қалада 80 мыңнан астам жастар бар, олардың 10 мыңға жуығы жоғары оқу орындарында, ал 20 мыңнан астамы колледждерде оқиды.

Студент жастар - болашақ мамандар, қоғам пікірін қалыптастыратын адамдар. Біз өз идеяларымызды жалпы білім беру мекемелерінің оқушыларына белсенді студенттер арқылы жеткіземіз. Болашақта бұл студенттер Қор туралы ақпаратты өз ортасында таратып, елдің дамуы мен әділ қоғамның қалыптасуына өз үлестерін қосатын болады.

Сонымен қатар жас ұрпаққа ақпаратты түсіндіру және қабылдау әлдеқайда жеңіл. Біз әлеуметтік желілерде жүзеге асырылатын бірнеше жобаны қолға алдық. Бүгінгі таңда әлеуметтік медиа ақпарат алудың негізгі құралына айналып отыр, сондықтан сіздер де осы мүмкіндіктерді пайдаланғаныңыз абзал.

Жастар Қордың болашағын қалыптастыруға көмектеседі деп сеніммен айта аламын. Жас белсенділердің Қорды дамытудағы және оның құндылықтарын насихаттаудағы әлеуеті өте жоғары! Біз қоғамдық ұйымымыздың идеяларын қазақстандықтар арасында дәріптеуге дайынбыз, өйткені біздің ел мен халықтың әл - ауқаты әрқайсымызға байланысты», - деп атап өтті белсенді Астанадағы өңірлік өкілдердің кездесуінде.
2024-06-24 16:04