«Әділдік және өркендеу» қоры мен кәсіподақтардың мақсаты ортақ — еңбек адамын қорғау. Бұл тұста бір мүдде, өзара түсіністік пен нақты шешімдерге негізделген әріптестік орнату маңызды. Күш біріктірудің арқасында ғана түрлі сала жұмысшыларының мәселесін шешудің тиімді жолын табуға болады.
Қазіргі таңда өңірлік өкілдіктеріміз кәсіподақтармен серіктестік жөніндегі келісімдерге қол қойып, ортақ жоспарды жүзеге асырып жатыр. Өз тәжірибесі жайлы Қостанайдағы қор өкілдігінің жетекшісі Динара Утебаева айтып берді.
Кәсіподақтармен әрістестіктің бастауы: алғашқы қадамдар
— Динара, кәсіподақтармен қандай бағыттар бойынша жұмыс істей бастағаныңыз жайлы айтып берсеңіз.
— Біздің өкілдік өңірдегі кәсіподақтармен қоян-қолтық жұмыс істей бастады. Білім саласы қызметкерлерінің кәсіподағымен меморандум жасастық. Мақсат — өнеркәсіптік кәсіпорындарға маман даярлау бағыты бойынша бірлесе жұмыс істеу. Кәсіпорындарда кадр тапшылығы болмас үшін білім жүйесіне қандай өзгеріс енгізу керектігін түсінуіміз қажет. Біздің басты міндетіміз осы.
Жуырда Қостанай облысы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы кәсіподағымен бірлесе жұмыс істеуге келістік. Жүйелі түрде шешуді қажет ететін мәселелер анықталды.
ТКШ қызметкерлерінің мәселелері: еңбек жағдайы, жалақы және заңнама
— Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметкерлерін қандай мәселе алаңдатады?
— Бастысы — жалақы мардымсыз. Салдарынан маман тапшы, еңбек жағдайы мәз емес. Заң жүзінде шешуді талап ететін мәселелер бар. Мәселен, кейбір нормативтік-құқықтық актілер жұмыс берушіге жалақыны арттыруға мүмкіндік бермейді.
Тариф саясатын, кәсіби біліктілік реестрін және «зиянды мамандықтар» тізімін қайта қарастыру керек. Еңбек жағдайы өзгеріп жатыр, сол өзгерістерді ескеру қажет.
Басты проблемалар мен шешу жолдарын анықтау үшін кәсіподақтармен бірге бірқатар шара өткізуді жоспарлап отырмыз. Нәтижесінде жол картасы немесе тұжырымдама әзірлеуіміз мүмкін. Қостанай облысында ғана емес, өзге өңірлерде де жалғасын табады деген ойдамыз.
2025 — жұмысшы мамандықтар жылы
— Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланған 2025 жылға дайындық қалай жүріп жатыр?
— Бұл біз үшін жаңа үміт. Қазіргі таңда жұмысшы мамандық иелерін қолдау керек. Әсіресе, агроөнеркәсіп кешені, мал шаруашылығы, тау-кен өнеркәсібінде еңбектеніп жүргендерге қолдау көрсетуіміз қажет.
Көбінде баспана жоқ, ипотека ала алмайды, жалақысы аз. Мысалы, механизаторлар қыста жұмыссыз, яғни ақшасыз қалады. Бұл жағдайды шешу жолын табу керек.
Сондай-ақ мұғалімдер мен дәрігерлерге арналған бағдарламалар сынды арнайы мемлекеттік бағдарламаларды енгізу мүмкіндігін қарастыру қажет. Оларға баспана, қосымша ақы ұсынылады. Механизаторлар үшін де неге осындай жағдай жасамасқа?
Әлеуметтік проблемаларды шешудегі кәсіподақтардың рөлі
— Осы әріптестікте кәсіподақтар қандай рөлге ие?
— Кәсіподақтар — басты серіктестігіміз. Олар жұмысшыларды толғандыратын проблемаларды жақсы біледі. Ал бізде қоғамдық ұйым ретінде бастамаларды жоғары деңгейде көтеру және ұсыну тәжірибеміз бар. Бірге әрекет етсек, нәтижеге тезірек жетеміз, жұмысымыз тиімдірек болады.