Новости КАЗ

Әділдік іздеп келген жұмысшы

Әділдік іздеп келген жұмысшы

Биыл жазда 37 жастағы Никита Плетнёв Ақмола облысы Талапкер ауылында газ құбырын салуға білек сыбанып кірісті. Бірақ жұмыс беруші еңбек шартын да, қызмет көрсету туралы келісімшартта бермеген. Енді құрылыс компаниясының жетекшісі келісілген соманы толықтай төлеуден бас тартып отыр. Плетневтің жұмысына көңілі толмаса керек. Ал Никита өз жұмысын адалорындағанын айтып отыр. Бірақ сол еңбегі үшін ақысын қолына алу бірнеше айдан бері мұң болды. Ол компанияның нақты атауын білмейді. Жетекшінің аты-жөні де нақты емес, Дәурен Рамазанов болуы мүмкін. Ал мұндай ақпаратпен полицияға жүгіне алмайды, сот арызды қабылдамайды.

Өзімнің есептеуім бойынша Дәурен Рамазанов маған шамамен екі жүз мыңдай берешек. Менімен бірге тағы алты адам жұмыс істеді, біреуінің де еңбек шарты болған жоқ, – дейді «Әділдік және өркендеу» қорының Астанадағы қоғамдық қабылдауына жүгінген Никита.

Қордың заңгерлері шиеленіскен іс болса да, Плетневке қолұшын созуға әзір.

Жұмыс берушінің сөзіне сеніп, маусымдық жұмысқа келісетіндер еңбек нарығындағы ең қорғалмаған санат. Оларға зейнетақы жарнасы түспейді, жарақат алған жағдайда өтемақы ала алмайды. Плетневтің жағдайы жалақы алудың өзіқиынға соғатынын дәлелдеп отыр. Жұмыс берушікез келген сәтте өз міндетінен ауызша бас тарта салуы мүмкін.

«Әділдік және өркендеу» қорына осындай жағдайға тап болғандар жиі хабарласады.

Жұмыс беруші еңбек шартын ұсынбаса, Қор заңгерлерінің тегін кеңесіне жүгіне аласыз.

«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қоры еңбек дауына тап болғандардың құқығын қорғайды. 20өңірде өкілдігі мен 3700 жақтасы бар. Жеті өңірде «Әділдік және өркендеудің» қоғамдық қабылдаулары іске қосылған.

Мекенжайымыз: Астана қаласы, Достық көшесі, 18, «Москва» бизнес орталығы

Телефон: 8-707-759-39-98.

Жұмыс беруші еңбек шартын жасасуға міндетті. Бас тартса, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады
2024-09-26 18:22