Новости КАЗ

Р. ӨМІРБАЕВ: Қазақстандық жастардың құқықтық сауатын көтеру қажет

«Әділдік және өркендеу» Қоры жайлы әлеуметтік желілерде естіген болатынмын. Осы Қордың әділдік пен өркендеуге ұмтылу идеясы маған қатты ұнады. Себебі, қоғам қазір тек әділдікті ғана қалап қоймайды. Адамдар әділдік пен өркендеуге қол жеткізу үшін әрекет етуге дайын. Тек халық қана емес, Үкімет те өзгерістерге бейімделіп жатыр.Сондықтан да дәл қазір ұйым белсенділері қатарына қосылуға шешім қабылдадым. Абай облысында көптеген іс-шараға қатысып, студент жастармен жұмыс істеп жатырмын. Семей қаласында 86 мың студент бар. Олардың арасында да құқықтық сауатсыздық кездесіп жатады. Көптеген проблема бар. Оларды қозғау аса бір үлкен мәселе болып табылады. Жалпы құқықтық сауаттылықты жас кезден бастап меңгеру керек. Қордың барлық бастамасына сәттілік тілеймін», - деді «Әділдік және өркендеу» ҚҚ Абай облысындағы белсендісі.