«Әділдік және өркендеу» Қоғамдық қорының өкілдері еңбек адамының құқығын қорғауға басымдық беріп отыр. Ұйымның баспасөз хатшысы Гүлжан Мархабаева Қазақ радиосының тікелей эфирінде «Мінбер» бағдарламасына қатысып, Қордың осы бағытта атқарып жатқан шаралары жайында сөз қозғады.
«Кез келген жақсы идея белсенді азаматтар тарапынан қолдау болған кезде ғана жүзеге асады.
Сондықтан 2023 жылы әр аймақтағы белсенділер жиналып, «Әділдік және өркендеу» Қорын құрды. Олар «Әділетті Қазақстан құру» идеясын жүзеге асыруға атсалысуды жөн көрді. Содан бері қатарымызға еліміздің әр өңірінен барлығы 3 мың белсенді азамат қосылды. Қордың негізі бағыты – еңбек адамының құқығын қорғау. 90-жылдардан бастап еңбек адамының мәртебесі төмендеп кетті. Соны қайтарып, еңбек адамының культін қалыптастыруды қолға алып жатырмыз. Оны еңбек адамының құқығын қорғаудан бастау керек»,- деді Гүлжан Мархабаева.
Қордың баспасөз хатшысының айтуынша, биыл қаңтар-мамыр айлары аралығында қазақстандық кәсіпорындарда 500-ге жуық жұмысшы жарақат алып, 59-ы көз жұмды. Бұл тым жоғары көрсеткіш. Осы ретте Қор қалыптасқан ахуалды реттеуге бар күшін салуды көздеп отыр. Айта кетерлігі, ұйым өкілдері осы тақырыпты қамтитын дөңгелек үстел ұйымдастырып, оның қорытындысы бойынша арнайы жұмыс тобын құрды. Оның мақсаты – апат болған кәсіпорындарға аудит жүргізу. Сондай-ақ олар құқығы бұзылған жұмысшылар істейтін орындарды да тексерумен айналысады.
Радио бағдарламасының аясында халықтың өмір сүру сапасын жақсарту жайында әңгіме өрбітілді. Қор бұл бағытта да ауыз толтырып айтарлықтай нәтижеге қол жеткізді. Ұйым белсенділері халықтың талабын білу үшін наурыз-сәуір айларында ауқымды сауалнама жүргізді. Оған 3 мыңнан астам респондент қатысты. Мониторинг қорытындысы бойынша қатысушылардың 70%-ға жуығы халықтың өмір сүру сапасын арттыру керек деген ойын жеткізіп, мәселені шешудің жолдарын көрсетті.
«Әр өңірдің проблемалары әртүрлі. Орталық Қазақстанда еңбек қауіпсізідігі мен еңбек құқығы болса, Батыс Қазақстанда инфрақұрылым түйіткілдеріне баса назар аударған жөн. Осы орайда Қор «Саналы ұлтқа - сапалы жол» деген жобаны бастады. Оның мақсаты – жолға жұмсалатын қаржыны қадағалау, жолдарды жөндеу жұмыстарының сапасын бақылау. Мониторинг нәтижелері облыс басшылығына жіберілді. Енді Көлік министрлігімен келіссөз жүргізу жоспарда бар»,-деп түйіндеді Қордың баспасөз хатшысы Гүлжан Мархабаева.
Спикер «Әділдік және өркендеу» Қорының халыққа тегін заңгерлік көмек көрсетіп жатқанын да айтып өтті. Әр адам ұйымның қоғамдық қабылдауына келіп, өз мәселесіне қатысты кәсіби консультация ала алады. Сондай-ақ Гүлжан Мархабаева Қордың әлеуметтік желілерінде жүргізілетін «Әділдік құқығы» интернет-қабылдауы өткізілетінін хабарлады. Оған қатысу үшін Қордың adildik.org.kz@gmail.com электрондық поштасына сұрақ жолдауға болады.