Новости КАЗ

Қормен ынтымақтастық

Қормен ынтымақтастық

«Әділдік және Өркендеу» қоғамдық қоры өкілдігінің жетекшісі Эльенора Ағабекқызы мен Шымкент қаласының Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының Біржан Қанатұлы Әзімбердиев өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.

Тараптар кәсіпкерлік саласындағы еңбеккерлердің құқығын қорғау бойынша бірлесе әрекет етуге келісті. Себебі, мүдде ортақ – қоғамда еңбек адамының, кәсібін дөңгелетіп, өзгелерді жұмыспен қамтып отырған азаматтардың, жұмыскерлердің мәртебесін көтеру, құқығын қорғау.

Қазір Шымкент қаласында 140 мыңға жуық шағын және орта кәсіпкерлік нысандары бар. Онда жұмыспен қамтылғандар саны шамамен 222 мың адам. Әйелдер мен жастар басқаратын кәсіпкерлік субьектілері 47 мыңға жуық.

Кәсіпкерлердің басым көпшілігі көтерме және бөлшек сауда, автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу, өңдеу өнеркәсібі және қызмет көрсету салалары бойынша еңбек етеді.