Новости КАЗ

Жақтастар жылуы

Сәуле Түсіпова бірнеше жыл бұрын өзінің тарихи отанына, яғни Қазақстанға оралды. Ресей тумасы бұл шешімді қабылдағанда, өмірінің қалай өзгеретінін білген жоқ. Бүгін ол елордадағы сән салондарының бірінде жұмыс істейді. Нәзік жанды волонтерлік қызметпен де айналысады. Сол себепті ол «Әділдік және өркендеу» Қоғамдық қорының жақтастарының қатарынан табылды.

Үш баланы алып, басқа елге көшу оңайға соқпады. Бірақ Сәуле Қазақстанда өз орнын тапты. Алғашқы жылдары әйел адам көптеген қиындыққа кезігіп, жаңа ортаға бейімделе бастады. Ең алдымен ол «кандас» мәртебесін алып, жұмыс іздеуге кірісті. Балаларының қажеттіліктерін қамтамасыз етуге барын салды. Табандылық пен балаларының жарқын болашағына деген ұмтылыс оның жолындағы барлық кедергіні еңсеруге көмектесті.

Сауле Түсіпова «Әділдік және өркендеу» ҚҚ жақтастар қатарына жаңадан қосылды. Қоғамдық ұйым өкілдері оған барынша жәрдем беріп отыр. Нәзік жанды Қордың алға қойған мақсаттары және міндеттерін толық қолдайды.

«Әділдік және өркендеу» ҚҚ жақтастарының арқасында мен ертеңгі күніме сенімділікпен қараймын. Олар маған жаңа ортаға тез бейімделу үшін қажетті білім алуға көмек берді, сонымен қатар тұрмыстық және әлеуметтік мәселелерді шешуге жәрдемдесті. Бүгінде мен балаларымның болашағы үшін алаңдамаймын. Олардың белді адам болып, еліміздің өркендеуіне өз үлестерін қосатынын білемін», – деді Сәуле Түсіпова.

Өз елінің нағыз патриоты ретінде нәзік жанды Қордың қызметіне атсалысып, көмекке мұқтаж адамдарға қол ұшын созуға дайын. Белсенді бей-жай қарамайтын азаматтардың бірлескен күш-жігерінің көмегімен әділ және өркениетті қоғам құруға болатынына сенімді.

Сәуле Түсіпова өзінің белсенді қоғамдық өмірі мен волонтер ретіндегі қызметін күнделікті жұмысымен сәтті ұштастырып отыр. Кәсіби шаштараз елордалық «Modjo» сән салонында жұмыс істейді, ол өзінің шеберлігінің арқасында клиенттеріне көтеріңкі көңіл күй сыйлап қана қоймай, олардың бойына сенімділік ұялатады. Сәуле Түсіпова әр күнін жаңа мүмкіндік деп санайды. Ол батылдық пен табандылық танытып, кез келген қиындықты еңсеретінін және ауыр сәттерде қоғамның қолдауы мықты тірек бола алатынын жақсы біледі.

«Әділдік және өркендеу» ҚҚ жақтастары ұйымның басты құжаты – Манифест-үндеуге онлайн қол қоя алады. Құжатта әділ қоғам құруға және қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстың негізгі қағидаттары қамтылған.