Новости КАЗ

Еңбегі еленген құрылысшы

«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қоры «Адал еңбекке алғыс» арнайы акциясын бастады. Оның аясында Еңбек күніне орай қордың өңірлік өкілдіктері өз аймағындағы еңбек ардагерлерін құттықтап, өңір мен ел экономикасына қосқан өлшеусіз еңбегі үшін алғыс білдіреді.

Қордың Батыс Қазақстандағы өкілдігі Еңбек күнімен Зинаида Нимді құттықтап барды. Ол Оралдағы әсем үйлер мен ғимараттардың қалауына үлкен үлесін қосқан ардагер-құрылысшы. Оның отбасы 1956 жылы Укринадан Қазақстанға қоныс аударады. Зинаида Ним маляр курсын тамамдады. 1974 жылы біздің кейіпкеріміз жетекшілік еткен сылақшылар бригадасы үздік атанып, мадақ пен марапатқа ие болғаны бар.

Еңбегі еленген құрылысшы ІІ және ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» және «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталды. Зинаида Ним, тек адал еңбек қана, баянды бақытқа жеткізеді деп санайды.