Қызылорда облысы Арал ауданы тұрғындарының басым бөлігі балық шаруашылығымен айналысады. Бұл – маусымдық жұмыс. Олар қаңтар-наурыз аралығында еңбектенеді. Ал сәуірде балық уылдырық шашқан кезде жұмыс тоқтайды. Жазда аптап ыстықта да балықшылар жұмыссыз отыруға мәжбүр.
Қордың Қызылорда облысындағы өкілдігінің белсенділері осындай маусымдық жұмысшылардың мәселесін көтерді.
"Балықшылар жылына тек 3-4 ай ғана жұмыспен қамтамасыз етілген. Сол себепті еңбек өтілі есептелмейді. МӘМС жүйесі бойынша да сақтандырылмайды. Еңбек құқығы мүлдем қорғалмаған балықшылар мәселесін шешетін кез келген секілді. Себебі, Арал ауданында балықпен күнелтпесе, тұрақты жұмыс орны да жоқ" – дейді қор белсендісі, эколог Айнагүл Баймаханова.
Арал ауданында 1 200-ге жуық балықшы тіркелген. Оның 900-і кәсіпкерлер қарамағында жұмыс істейді. Ал 300-ден астамы еш жерде тіркелмеген.
"Балық аулау маусымы тоқтаған кезде балықшыны жұмыссыз ретінде тіркеп, жәрдемақы беру мәселесін қарастыру керек. Бұл өз кезегінде балықшылардың отбасын асырауына ғана емес, ата кәсіптен айырылып қалмауға мүмкіндік береді", - дейді балықшы Әділжан Әбдіков.
Қазір балықшылардың құқығын қорғайтын арнайы тәуелсіз кәсіподақ та, қауымдастық та жоқ. Сондықтан қор белсенділері маусымдық жұмысшылар құқығын қорғау жөнінде арнайы бағдарлама әзірлеу идеясы ұсынды.