Новости КАЗ

ВЛАДИМИР УНУКОВИЧ: Біз тек экономикалық прогреске ғана емес, сонымен қатар қазақстандықтардың еңбек жағдайлары мен өмірін жақсартуға ұмтыламыз

Алматы облысындағы «Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қорының өкілі Владимир Унукович өңірдің болашағы мен оның дамуындағы Қордың рөлі туралы өз ойларымен бөлісті.

«Агломерацияның құрылуы мен Алатау атты жаңа қала құрылысының жоспары Алматы облысына елеулі өзгерістер әкелуі мүмкін. Бас жоспарды түзету және зауыттар орналасатын экономикалық аймақ салу экономикалық өсім мен инфрақұрылымды жақсартуға сеп болады. Менің ойымша, Қордың Алматы облысындағы жұмысы әрі қарай дамиды, осы орайда еңбек адамдарының мүдделерін қолдау маңызды. Біз тек экономикалық прогреске ғана емес, сонымен қатар азаматтарымыздың еңбек жағдайлары мен өмірін жақсартуға ұмтыламыз», - деп атап өтті белсенді.

Бүгінде Қор облыстың әрбір тұрғыны үшін маңызды мәселелерді көтере отырып, азаматтарды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылау мен шешуге белсенді атсалысады.