2024 жылы Қордың қоғамдық қабылдауларына жүгінген 566 адамға көмек көрсетілді. Біріне заңгерлік көмек, енді біріне кеңес берілді. Қордың Түркістан облысындағы өкілі қоңамдық қабылдаулар тәжірибесін бөлісті.
«Түркістан облысында қоғамдық қабылдау ашылғалы біршама азамат келіп жатыр. Ең жиі келетіндер – білім және ауыл шаруашылығы саласының мамандары. Оларға құқықтық көмек қажет. Біз солардың даусы, үні болып, құқығын қорғай білуіміз керек. Күзде бізге Отырар ауданының балабақшаларынан хабарласты. Салық сынды қарыздарды өтеу үшін қызметкерлердің жалақысын қысқартқан. Бір жыл бойы жалақының 75 пайызын ғана алып отырған. Бұл мәселемен айналысып жатырмыз, тиісті органдарға хат жолдадық», - деді Қордың Түркістан облысындағы белсендісі Амангелді Қалыбек.