Новости КАЗ

Ә.МУРЕЕВ: Қордың философиясы еңбек адамына жақын

«Әділдік және өркендеу» Қоғамдық қорының Ақмола облысындағы жақтасы Әлібек Муреев қоғамдық ұйымның жұмысы туралы өз кәсіпорнында білді. Қор өкілдері жұмысшылармен кездесу өткізіп, ұйымның қағидалары мен бағыттары туралы айтып берді. Осы сәттен бастап жас жігіт қоғамдық ұйымның жобаларына қызығушылық таныта бастап, Қор белсенділерінің аймақтық кездесулерінің біріне қатысты.
«Мені Қордың философиясы мен идеялары қызықтырды, өйткені мен өндірістік кәсіпорында жұмыс істеймін, былай айтқанда, қарапайым еңбек адамымын. Өндірісте біз қызметкерлердің мүдделерін қорғауға тырысамыз, Қазір бизнес жүргізу оңай емес, ал өндірісте одан тіпті қиын.

Жақтастар форумы әдеттегі мемлекеттік қызметшілердің кездесуіне мүлдем ұқсамайтынына таң қалдым. Маған гибридті және интерактивті формат ұнады. Мұндай тренингтер қоғам қайраткерлерінің жұмысына қажетті жақсы дағды алуға көмектеседі. Құзыреттер орталығын ұйымдастырғаны үшін жеке алғысымды білдіремін. Мұнда кез келген қатысушы жаңа білім алу ала алады», - деп, Қор жақтасы өз ойларымен бөлісті.