Новости КАЗ

«Әділдік және Өркендеу» ҚҚ Шымкент қаласының тұрғындарына тегін заңгерлік кеңестер береді

12- наурыз күні «Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қоры Шымкентте заңгер, қалалық адвокаттар алқасының мүшесі Ербол Қожабековтың халықпен кездесуін өткізеді.

Бұл кездесу қала тұрғындары үшін еңбек қарым-қатынастары, отбасы құқығы және тұтынушылардың құқықтарын қорғау сынды мәселелер бойынша сарапшылардың кеңесін алуға бірегей мүмкіндік болмақ.

Бұл бастама қала тұрғындарына қиын құқықтық сұрақтар жайында түсініктеме беріп, азаматтардың мүдделерін қорғау мақсатында қолға алынды. Мұндай кездесулер айына 2 рет өткізіледі, алдағы уақытта коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік қамтамасыз ету салаларының сарапшыларын шақыру көзделген. Басқа да түрлі бағытта қызмет атқаратын заңгерлермен ынтымақтастық жайлы келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Ертең, 12-наурыз күні, сағат 10.00-де Қор белсенділері Қоғамдық қабылдаудың қызметін таныстырады. Сағат 12-де оларға заңгер маман қосылады. Шымкент қаласы, Бейбітшілік 3А, 409-кабинетте өтетін Қабылдау кешкі 17.00-ге дейін жалғасады.

Тұрғындардың сұрақтарын шешу үшін арыз-шағымдар жергілікті атқарушы органдарға жіберіледі.

Ертеңгі кездесуде азаматтарға Қордың мақсаттары, жоспарлары мен қызметі жайында толық ақпарат беру көзделген. Осылайша, Қор белсенділері өзінің халыққа тегін көмек көрсетуге дайындығын білдіреді.

Айта кетерлігі, «Әділдік және Өркендеу» қорының жергілікті Қоғамдық қабылдауы Шымкент тұрғындары үшін әрдайым ашық әрі қолжетімді.