Новости КАЗ

А. АСАМБАЕВА: Заңнаманың жетілмеуі еңбек жанжалдарын шешуде қиындық туғызып отыр

Ақтауда «Әділдік және өркендеу» Қоғамдық қорының «Батыс» өңірлік өкілдерінің кездесуінде Атырау облысының белсендісі Алена Асамбаева еңбек жанжалдарын реттеу мәселесінің өзектілігіне тоқталып, қоғам қайраткерлерінің осы бағыттағы жұмысы туралы айтты.

«Қолданыстағы заңнама бүгінгі шындыққа сәйкес келмегендіктен, еңбек саласындағы келіспеушіліктерді реттеу қиындай түседі. Сонымен қатар кәсіпорындарда қолайсыз психологиялық ахуал байқалады, қақтығыстарды анықтайтын жүйе жоқ. Қордың міндеті-жұмысшылардың құқықтарын қорғау. Атырау облысы өнеркәсіптік аймақ болғандықтан, қала тұрғындарының басым бөлігі мұнай компанияларында еңбек етеді. Мұнда шетелдік жалдамалы мамандарға басымдық беріліп, жергілікті жұмысшылардың құқығын таптау жағдайлары жиі кездеседі. Бұл жалақы теңсіздігіне, әлеуметтік қолдау және т. б. қатысты. Осы компаниялардың жұмыс берушілерімен кері байланыс орнату қиын болғандықтан, біз еңбек ұжымдарымен таныстыру кездесулерін өткізуді шештік, онда біз Қордың қызметі туралы айтып, Манифесті таныстырамыз және адамдарды біздің қатарымызға қосылуға шақырамыз. Біз Атырау мұнай өңдеу зауытының қызметкерлерімен кездестік, олардың арасында бізді қолдайтын азаматтар болды. Алдағы уақытта өңірдің еңбек инспекциясы басқармасымен және мұнай компанияларының кәсіподақтарымен Меморандум жасасуды жоспарлап отырмыз.

Сондай-ақ біздің өкілдік басқа да әлеуметтік мәселелерді шешумен айналысады.
Өңірдің белсенді азаматтары су тасқыны салдарын жою үшін Атырау облысына жөнелтілген гуманитарлық көмек пен бөлінген қаражаттың жұмсалуы мен мемлекеттік қызметтер мониторингін қамтамасыз ету жөніндегі комиссия құруды ұсынды. Біз Қор басшылығымен келісіп, мониторингтік топ құрдық, оның құрамына ұйымымыздың белсенді жақтастары, ҮЕҰ және қарапайым азаматтар кірді. Бұл топ кездесулер өткізеді, ақпарат жинаумен айналысады. Сондай-ақ біз мониторингтік топ мүшелерін әкімдіктер жанындағы су тасқынынан болған залалды бағалау жөніндегі комиссияның құрамына енгізу туралы хатқа жазып, жолдадық.

Қоғамдық күштердің шұғыл араласуын талап ететін аймақтың негізгі проблемаларының ішінде қоршаған ортаның ластануы, инфрақұрылымның (әсіресе жолдардың) сапасының төмендігін, сондай-ақ қымбат дәрі-дәрмек пен қолжетімді медициналық қызметтердің тапшылығы сынды денсаулық сақтау мәселелерін ерекше атап өткім келеді. Облыста тұрғын үй, сумен жабдықтау және азық-түліктің қымбат болуы сияқты проблемалар бар. Осы бағыт бойынша Қордың өкілдігі белсенді жұмыс жүргізетін болады», - деді Қордың Атырау облысындағы филиалының басшысы Алена Асамбаева.