Новости КАЗ

ӘЛІМЖАН БЕКМАҒАМБЕТОВТЫҢ көзқарасы бойынша: «Қазақстандағы еңбек қауіпсіздігі үшін жүйелі мәселелер шешімін табуы тиіс»

«Қазақстанда қауіпсіздік жөніндегі заңнамалық нормалар қанмен жазылған». Бұл туралы Қазақстанның өнеркәсіптік кәсіпорындарындағы еңбек қауіпсіздігі техникасына арналған дөңгелек үстел барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты бас директорының м.а. Әлімжан Бекмағамбетов мәлімдеді.

Ол «Әділдік және өркендеу» Қоғамдық қоры ұйымдастырған кездесудің маңыздылығын атап өтті. Сарапшының шара барысында ҚР-да 2030 - жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі шаралар туралы айтуға мүмкіндік алды.

Құжат былтыр қабылданды және ол төрт негізгі бағытты қарастырады. Яғни, тәуекелге бағдарланған тәсіл негізінде еңбекті қорғаудың ұлттық жүйесін жаңғырту, жұмыс орындарында тәуекелді азайту шараларын экономикалық тұрғыдан ынталандыру, кәсіби құзыреттіліктер мен ғылыми әлеуетті дамыту, сондай-ақ еңбекті қорғау саласындағы бақылау мен мониторингтің тиімділігін арттыру.

«Тұжырымдама - бұл үлкен стратегиялық идеялардың бірігуі. Әрбір осындай идеяның артында нақты әрекеттер, ең жақсы корпоративтік тәжірибелер мен әрбір жұмысшының жетістіктері тұр. Өкінішке қарай, біздің салада кейбір нормалар, әсіресе, белгілі бір түзетулер «қанмен» жазылған. Тарих көрсеткендей, бұл тау-кен саласында жинақталған жүйелік проблемалар үшін төлем. Мұнда көптеген сұрақ бар, біз білек сыбана жұмыс істеу керекпіз», - деп атап өтті спикер.

Өнеркәсіптегі жетістіктердің пайдасы зор, бірақ адамның өмірі мен денсаулығы бірінші кезекте тұруы керек. Еңбекті қорғау институты өкілінің пікірінше, бұл идея әлеуметтік әріптестік туралы шартқа қатысушылардың барлығының басты миссиясы болуы тиіс.