Новости КАЗ

ГҮЛСІМ БИТАШЕВА: қоғам белсенділерімен бірге өңірдің өзекті мәселелерін шешуге ниеттімін

Ел өңірлерінде «Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қорының 2 мыңнан астам жақтастары бар. Қазақстандықтар біздің Қорды неліктен таңдайды? Бұл адамдардың өмірлік ұстанымы қандай? Олар қоғамды қалай өзгерткісі келеді және біздің азаматтарымызды қандай мәселелер алаңдатады? Бұл туралы «Қордың жақтастары» атты жаңа айдарда айтамыз.

«Әділдік және Өркендеу» Қорының өңірлік филиалының белсендісі Гүлсім Биташева Атырау қаласында туып-өскен. Ол жастайынан теміржолға келіп, 20 жылдан астам өмірін осы салаға арнады. Гүлсім Хантөреқызы денсаулығына байланысты зейнетке шыққан кезде қосымша табыс көзін іздестіре бастады. Жас кезінде оны тігін ісі қызықтырды, сондықтан ұзақ ойланудың қажеті болмады. 2020 жылы ол өзінің тігін шеберханасын ашты.

«Тігін тігу, пішіп-тону мен үшін тек табыс көзі ғана емес, ол шығармашылық және дизайнерлік ойларымды жүзеге асыруға жақсы мүмкіндік болып табылады. Әрине, кез-келген істің өз қиыншылықтары бар. Коммуналдық қызметтер мен тігін бөлмесінің ақысын уақытылы төлеу қажет», - дейді шеберхана басшысы Гүлсім Биташева.

Белсенді азаматтық ұстанымы бар тұлғаны еш кедергі тоқтата алмайды. Өз ісінің маманы тек тапсырыспен ғана киім тігумен шектелмейді. Ол көпбалалы аналарға, мүгедек әйелдерге және аз қамтылған отбасылардағы нәзік жандыларға тігін шеберлігін тегін үйретеді.

Қоршаған ортасының өмірін жақсарту туралы ойлап жүрген кәсіпкер «Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қорының Атырау өкілдігіне келді.

«Мен әділетті Қазақстан құру идеясын қолдаймын. Осы орайда «Әділдік және Өркендеу» Қоры ұстанатын әділ қоғам құру және азаматтардың құқықтарын қорғау туралы қағидалар менің көңілімнен шығып отыр. Сондай-ақ бұл қағидаттарда Мемлекет басшысының әділ Қазақстан туралы идеялары көрініс тапты. Манифестке қол қойғаннан кейін, мен өңірдегі мәселелерді шешу үшін Қордың құрамына қосылу туралы шешім қабылдадым. Мені азық-түлік бағасы мен коммуналдық тарифтердің қымбаттауы алаңдатып отыр. Сонымен қатар біздің облыстағы көптеген экологиялық проблема әлі де шешімін таппады. Іскер ретінде шағын бизнесті дамыту жайын қозғап, басқа қоғам қайраткерлерімен бірге аймақтағы кәсіпкерлердің еңбек жағдайын жақсартып, халықтың барлық әлеуметтік тобына тең мүмкіндіктер беру сынды өзекті мәселелерді шешу жолдарын табамын деген ниетім бар», - деп түйіндеді Гүлсім Биташева.

Қазақстан азаматтарына арналған Манифест – үндеу - «Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қорының негізгі құжаты. Ұйым жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғау, кірістерді бөлудегі әлеуметтік әділдік, заң алдындағы теңдік, барлығына бірдей мүмкіндік беру, әр азаматтың қадір - қасиетін құрметтеу және қорғау, олардың маңызды шешім қабылдауға қатысуы сынды қағидаларды ұстанады.

Қордың мақсаты әрбір қазақстандықтың мүддесіне сай келетін әділ қоғам құруға бағытталған.

adildik.org.kz сілтемесі арқылы Қор жақтастарының қатарына қосылып, Манифест-үндеуге онлайн қол қоюға болады.