Новости КАЗ

Жамбыл облысында қордың алғашқы жастар қанаты құрылды

Жамбыл облысында қордың алғашқы жастар қанаты құрылды

"Әділдік және Өркендеу" қорының өңірлік өкілдігі жанынан жастарға қолдау көрсетіп, әлеуетін жүзеге асыруға ықпал ететін жастар қанаты пайда болды.

Оның төрағасы болып М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің жастармен жұмыс бөлімінің басшысы Дәурен Мамыш тағайындалды.

Біз жастарды жетелейтін белсенді, белді жастар ұйымы болуға ниеттіміз. Әлеуметтік, экологиялық, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуді және қайырымдылық бастамаларына белсенді қатысуды жоспарлап отырмыз. Жастар қанатын құрудың негізгі мақсаттарының бірі - әрқайсымыздың барлық әлеуметтік маңызды салада тең мүмкіндікке ие болуымызға жағдай жасау. Бұл қордың Манифестінде де көрсетілген, - деп атап өтті Мамыш.

Жастар қанатының белсенділері Қордың мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға, жастардың саяси белсенділігін арттыруды, олардың рухани және мәдени дамуына өз үлесін қосуды, мемлекеттік қолдау және әлеуметтік көмек туралы ақпаратты жеткізуді, еріктілер ретінде жобаларға қатысуды жоспарлап отыр.

Мысалы, заң мамандығында оқып жатқан студенттер тұрғындарға қоғамдық қабылдау жұмысы барысында құқықтық мәселелер бойынша кеңес береді.