«Әділдік және өркендеудің» манифестіне тағы бір ұжым қосылды
«Әділдік және өркендеудің» манифестіне тағы бір ұжым қосылды
Қордың белсенділері мен «Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы» қызметкерлерінің кездесуінде 43 адам манифестке қол қойды. Зауыттың Қарағандыдағы филиалының 23 қызметкері де бұл бастаманы қолдады.
«Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы» пластик бұйымдар шығаратын зауыт базасында құрылған. 2007 жылы кәсіпорын жаңғыртыла бастады, құбыр өндісіне қажетті заманауи жабдық сатып алынды.
Полиэтиленді қайта өңдеу қауқары –жылына 50 мың тонна. Зауытта 250 жұмыс орны ашылды. Өнімді елден бөлек, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстанға да сатады.
Зауыттағыларды алаңдататын басты нәрсе – төлем мәселесі. Компания ауқымды тапсырыс байқауын ұтқан кезде шикізатты кредитке алуға мәжбүр. Зауыттың айналымында артық ақша жоқ. Тауарды өндіріп, жеткізген соң тапсырыс берушіден ақысын алу оңайға соқпайды. Ірі нысандар құрылысының бас мердігері, негізінен, мемлекеттік орган болады. Ол мердігер компанияны жалдайды, ал олар болса,қосалқы мердігерлерді жалдайды. Мұндай шиеленіскен тізбек бойынша ақша тауар өндірушіге тым баяу жетеді.
«Бас мердігер ақша төлеуге асықпайды. Дебиторлық берешектің өтелуін жылдап күткен кездеріміз де болды. Тауар өндірдік, жеткіздік, ал ақша ең соңғы кезекте бізге жетті. Ақшаны көбінесе сот арқылы өндіріп аламыз», – дейді «Орал сауда-өнеркәсіп компаниясының» жетекшісі Валерий Крылов.
Зауыт қызметкерлері өнеркәсіп және құрылыс министрлігі осы мәселеге назар аударып, шешуге қолдау көрсетеді деп үміт артып отыр. Өйткені осындай жағдай құрылыс материалдарын өндіретін көптеген кәсіпорынның жұмысына кедергі.