Новости КАЗ

«Әділдік және өркендеудің» белсендісі балалардың құқығын қорғайтын жұмыс тобының құрамына енді

«Әділдік және өркендеудің» белсендісі балалардың құқығын қорғайтын жұмыс тобының құрамына енді

Әсет Оңалбаев осы топ құрамында Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстарда балалардың құқығы қаншалықты қорғалып жатқанын тексереді. Жұмыс тобы оқу-ағарту министрлігінің жанынан құрылған.

«Біз қор белсенділері ретінде балалардың құқығының сақталуына аса зор мән береміз. Сапалы білім беруді дамыту және білім бағдарламаларын игеру үшін тиісті жағдай жасау маңызды. Жұмыс тобының құрамында мектептегі тамақ сапасына ерекше көңіл бөлемін», – дейді Әсет Оңалбаев.

Ол бұған дейін бірқатар мектепте тексеріс жүргізген. Кейбір оқу орнында тамаққа 60 грамм еттің орнына небәрі 5 грамм қосқан жайттар да анықталған.

Жұмыс тобы атқарылған істерді 2025 жылдың қараша айында қорытындылайды. Бұл уақыт ішінде қорымыздың мүшесі балалардың құқығын қорғау тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасауды да жоспарлап отыр.