«Әділдік және өркендеу» Қоғамдық қорының Қарағанды облысындағы белсендісі, «Жастар Альянсы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Темірлан Кәкенов Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Жастар кеңесінің мүшесі болды. Ол Қазақстанда жүзе асырылатын жаңа жобалармен айналысады.
Халықаралық ұйым жастармен жұмыс істеу үшін тиімді идеяларды іздестіреді. Қазақстанның бірнеше облысының белсенділері біздің елде іске асырылатын жобаларды тауып, халықаралық ұйым өкілдеріне ұсынады. Жастар көшбасшыларының алғашқы кездесуі Астанада 8-9 шілде күндері өтеді.
«Әділдік және өркендеу» ҚҚ белсендісі Темірлан Кәкенов атап өткендей, алдағы уақытта үлкен әрі қызықты жұмыс атқарылады. Жобаға қатысатын қарағандылық азамат бірнеше жылдан бері орталық өңірде еріктілер қозғалысын дамытып келеді. Ол БҰҰ жобалары үшін ең өзекті бағыттарды ұсынып отыр: экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жастардың қаржылық және құқықтық сауаттылығын арттыру.
«Біздің қоғамда лудомания, алаяқтық сынды көптеген проблема бар. Біз жастарға қаржылық сауаттылық курстарын ұсына аламыз. Тиісті білім алған еріктілер осы саланың мамандары бола алады. Біз онлайн курстармен қатар қаржылық және құқықтық сауаттылық бойынша офлайн курстарды бастай аламыз. Экологиялық бағыт бойынша волонтерлік жобаларды дамытып, адамдарды қоқыстарды бөлуге үйретуді және тағы басқа мақсаттарды көздеп отырмыз. Жастардың өздері оқып, көптеген маңызды сала бойынша олардың сауатын ашатын жобаларды ойластыру керек. Сауаттылық – бедел мен сәттілікке қол жеткізудің негізі»,- деді «Әділдік және өркендеу» ҚҚ белсендісі Темірлан Кәкенов.
БҰҰ өкілдері Қазақстандағы ең өзекті жобаларды қолдауға және іске асыруға ниетті.
Естеріңізге сала кетейік, «Әділдік және өркендеу» Қоғамдық қоры бүкіл ел өңірлеріндегі белсенді қазақстандықтарды біріктіреді. Ұйымның негізгі миссиясы - халықтың өмірін жақсартуға, әділ қоғам мен өркениетті ел құруға ықпал ету.