Биыл елдегі жолдардың құрылысына, жөндеу жұмыстары мен күтіп-ұстауына 598 миллиард теңге жұмсалмақ. Бұл қаржыға қолданыстағы шамамен 13 000 шақырым жол салынып, қайта жаңғыртылады, деп хабарлады LSM.kz тілшілеріне ҚР Көлік министрлігі.
Жалпы соманың ішінен:
· 506 миллиард теңге республикалық маңызы бар жолдарға жұмсалады — оның ішінде 2 200 шақырым жол толық салынады немесе қайта жөнделеді, ал 6 600 шақырым жолға күрделі немесе орташа жөндеу жүргізіледі.
· 92 миллиард теңге облыстық және аудандық деңгейдегі жолға (4 200 шақырым) бөлінеді. Бұл жолдардың нормативтік жағдайын қазіргі 89%-дан 91%-ға жеткізуге мүмкіндік береді.
«Әділдік және өркендеу» қоры «Саналы ұлтқа – сапалы жол» жобасын қолға алған, оның мақсаты - жол сапасына қоғамдық бақылау орнату. Жоба аясында тәуелсіз сарапшы Азамат Мусилов алғаш болып БҚО жолдарына мониторинг жасады. Бұл тәжірибе қоғамдық белсенділердің көмегімен басқа өңірлерге де тарады. Қор өкілдері жобаның сәйкессіздігі, техникалық қадағалаудың әлсіздігі, сапасыз материалдар мен жүктеме нормаларының бұзылуы секілді бұзушылықтарды жиі анықтайды. Осына ескере отырып қор миллиардтаған бюджет қаражаты бөлінетін салада мынадай қосымша шаралар қабылдау қажет деп санайды:
· жол учаскелерін құжаттармен бірге жариялы түрде қабылдау;
· ашықтық үшін жұмыс кезеңдерін фото және видео арқылы тіркеп отыру;
· жол сапасын бақылауға тәуелсіз сарапшылар мен қоғам белсенділерін тарту.
Бұл шаралар миллиардтаған қазына қаржысының шынымен сапалы әрі қауіпсіз жолға жұмсалатынына кепіл бола алады.