Новости КАЗ

Жетісудағы қор жақтастары жұмысшылардың жалақысын көтеріп, МӘМС жүйесін жетілдіруді ұсынады

Жетісу облысындағы «Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық Қоры өкілдігінің белсенділері өңір тұрғындарын толғандыратын проблемалар жайлы білу үшін кәсіпорын қызметкерлері және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтармен кездесулер өткізуді жалғастыруда.

Жетісу облысының тұрғыны Берік Қадыров «Ләззат» ЖШС сүт зауытында жүргізуші болып жұмыс істейді. Оның ай сайынғы жалақысы 200 мың теңгені құрайды, ер адам студент ұлына көмектеседі және оның бірнеше несиесі бар. Қор белсенділері Айдар Хаджимуратов және Сергей Тандеевпен әңгімелесу барысында ол жұмысшылар жалақысының төмендігіне шағымданды.

«Бұрын мен Ленинград облысындағы зауытта жұмыс істедім, сондағы төлемдер арқасында менің табысым жоғары болды. Қазір менің жалақым тек тамақ пен коммуналдық қызметтерге ғана жетеді. Мен Қазақстанда жақсы өмір сүргім келеді, бұл - менің отаным. Еліміздің өркендеуі үшін өркениетті елдер қатарлы қарапайым жұмысшылардың еңбегін бағалап, ескеру керек», - деді Берік Қадыров.
Сонымен қатар ол медициналық сақтандыру жүйесінің жетілмегендігіне назар аударды.
«Біздің азаматтар ай сайын Медициналық сақтандыру қорына жалақысының 2% -н төлейді, оған қоса жұмыс беруші белгілі бір төлем жасайды, бірақ біз бұл медициналық мекемелердің қызметтерін пайдаланып үлгермейміз. Егер адам емханаға бармаса, бұл ақшадан сізге еш пайда тимейді», - дейді ер адам.

Көтерілген мәселелер әлеуметтік маңызы бар мәселелер тізбесіне кіреді, «Әділдік және Өркендеу» Қорының өкілдері оларды түрлі алаңдарда бірнеше рет талқылап, өзінің іс-қимыл бағдарламасына енгізуді жоспарлап отыр.

Қоғамдық ұйым өз алдына барлық қазақстандықтың өмір сүру сапасын жақсартуды қолдау міндетін қояды. Қордың негізгі басымдықтары Манифесте көрсетілген. Ол - жұмысшылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, барлық азамат үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету.

Естеріңізге сала кетейік, еңбек адамдарының жағдайын жақсарту бойынша ұсыныстар мен сұрақтарды «Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қорының орталық кеңсесі немесе Жетісу өңіріндегі өкілдіктің электрондық мекенжайына жіберуге болады. E-mail: adildik.org.kz@gmail.com, adildik.jetisy@gmail.com.